Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары



бет35/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

2. Дуальды оқытуды ұйымдастыру
Дуалды оқыту – білім беру ұйымдарында өндірістік оқытудың және кәсіпорында (ұйымда) кәсіптік тәжірибенің міндетті кезеңдерімен жұмыс орындарын ұсынумен және білім алушыларға кәсіпорынның (ұйымның), оқу орнының және білім алушының тең жауапкершілігі кезінде өтемдік төлеммен білім беруді үйлестіретін кадрларды даярлау нысаны.
Бұл жүйе екі бағыт бойынша - теориялық және тәжірибелік - маманды дайындауды көздейді. Оқыту уақытының 3/1-і колледжде базалық білім алады, ал 3/2 — білім беру кәсіпорнында іс жүзінде маңызды білім алады.
Басты мақсаты - өндірісте базалық жұмыс дағдылары қалыптасқан білікті және сауатты түлекті дайындау, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде (ТжКБ) МДҰ қазақстандық моделін әзірлеу. Басқаша айтқанда, алғашқы күннен бастап жұмысқа қосылып, оны жоғары кәсіби деңгейде орындайтын маман дайындау. Сонымен қатар, дуалды білім беру Қазақстанның жұмыс берушілерінен белгілі бір дағдылар мен білімі бар мамандарға тапсырыс қалыптастыруды көздейді.
Дуальды оқытудың қатысушылары:
1) меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;
2) меншік нысанына қарамастан кәсіпорындар (ұйымдар);
3) білім алушы – студент (тағылымдамашы), тыңдаушы.
Дуальды оқытудың міндетті компоненттері:
1) дуальды оқыту туралы шарт;
2) кәсіпорынмен (ұйыммен) келісілген дуальды оқытудың жұмыс оқу жоспары;
3) өндірістік оқытуды және кәсіптік практиканы іске асыру үшін жабдықталған оқу, жұмыс орындары және/немесе кәсіпорындардағы (ұйымдардағы) оқу-өндірістік орталық немесе өндірістік оқытуды іске асыру үшін оқу-өндірістік шеберханалар, зертханалар, колледждердегі оқу полигондары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарында;
4) кәсіпорындарда (ұйымдарда) өндірістік оқытудың және кәсіптік практиканың білікті тәлімгерлері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет