Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары


-дәріс: Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде информатиканы оқыту мəселелері. Мақсаты



бет32/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

11-дәріс: Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде информатиканы оқыту мəселелері.
Мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде информатиканы оқытудағы мəселелерді талдау.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:


1. Техникалық және кəсіптік білім беру жүйесінде информатиканы оқыту мəселелері.
2. Дуальды оқытуды ұйымдастыру.
3. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында кредиттік-модульдік оқыту технологиясын енгізу ерекшеліктері.
1. Техникалық және кəсіптік білім беру жүйесінде информатиканы оқыту мəселелері
Орта білімнен кейінгі кəсіптік білім беру қызмет көрсету жəне басқару сипатындағы орта буынның білікті мамандарын даярлауға арналған кəсіптік білім беру бағдарламаларын қамтиды. Қоғамды ақпараттандыру үдерісі өндіріс көзі болып табылатын барлық шарушылық қызметіндегі кəсіби мамандарына білім беруді ақпараттандыруға əсер етті. Техникалық және кəсіптік білім беру орындары қазіргі заманғы ақпараттық технологиямен жұмыс істей алатын мамандарды дайындай отырып өздерінің қоғамды ақпараттандыру үдерісіне өз үлестерін қосып отыр.
Үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 «ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» бұйрықтарына сәйкес әзірленеді.
Ұсынылатын әдебиеттер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы негізінде жасалады.
"Информатика" пәнін оқу мақсаты білім алушылардың оқуы мен жұмысында компьютерлік технологияларды пайдалану дағдыларын қамтамасыз ету болып табылады. Білім алушыларға пайдалану үшін ең жақсы қосымшаларды анықтау барысында саналы түрде таңдау жасау мүмкіндігі берілу керек. Бағдарламаның басқа мақсаты білім алушыларға ақпараттық технологияларды пайдалану саласында терең білім беруді және бағдарламалық құралдар ғылыми, коммерциялық, инженерлік және мәдени дамуды қолдау үшін пайдаланылатынын түсіндіруді қамтамасыз ету болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет