Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары


Жобалық жүмысты үйымдастырудағы принциптер



бет40/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

Жобалық жүмысты үйымдастырудағы принциптер:
• жобаны орындауы үшін мықты болуы керек;
• жобаны жақсы жасау үшін қажетті шарттарды орындау керек;
Студентті жобаны жасауға дайындау (студенттерге тақырып таңдау үшін уақыт болатындай арнайы бағдар беру керек. Бүл жерде жобалық жүмысқа тәжірибелі студенттерді тартуға болады).
• ғылыми жетекші жобаның такырыбын (орындалу мерзімін қоса) талқылауы, оны қорғауға кеңес беруі керек;
• жобалық жүмыстың нәтижесі бойынша міндетті түрде берілетін таныстыру рәсімі.
2. Жоба жұмысының түрлері: орындау мен рәсімдеу бойынша әдістемелік нұсқау
Жоба классификациясы түрлі негіздемелер арқылы жүзеге асады. Жобадағы басыңкы әдіс бойынша жоба келесі түрлерге бөлінеді:
а) Зерттеу жобасы. Мұндай жобалар жақсы ойластырылған құрылымды, мақсаттарды, өзектілікті, әлеуметтік маңыздылығын, ойластырылған әдістерді, оған қоса тәжірибелік жүмыстар мен нәтижелерді өңдеу әдістерін талап етеді.
ә) Мағлұматтық жоба. Жобаның бұл түрі алғашында қандай да бір нысан жайында мағлұмат жиынтығына, осы мағлұматпен танысуға, үлкен аудиторияға арналған талдау мен фактілерді жалпылауға бағытталады.
б) Шығармашылық жобалар. Мұндай жобалардың толык жасалған кұрылымы болмайды, ол тек зерттеушінің қызығушылығы мен логикасына қарай дамиды.
в) Ойындық жобалалар. Мұндай жобаларда да құрылым тек белгіленеді де жоба аяқталғанша ашық күйінде қалады. Қатысушылар жобаның мазмұны мен мінездемесіне қарай өздеріне белгілі бір рөлдерді алады.
г) Практикалық жобалар. Бұл жобалар зерттеушінің жұмысының нәтижесін басынан бастап нақты ажыратады. Әрі бұл нәтиже міндетті түрде зерттеушінің әлеуметтік қызығушылығына бағытталған (газет, құжат, видеофильм, заң жобасы, анықтама материаддары).
ғ) Біліми жоба - зерттеушінің белгілі бір уақыт аралығында алған біліміне қарай жұмысын кешенді түрде қарастырады.
д) Оқу жобалары бір немесе бірнеше міндеттерді тұжырымдайды және шешімін талап ететін мәселелерден тұрады. Бұл міндет өзінің тұжырымымен қызықтыратындай және жобаға ынталандыратындай болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет