Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары



бет33/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

Негізгі міндеттері:
1) білім алушылардың ақпараттық процестердің қоғамдағы рөлі жайлы, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсінігін қалыптастыру;
2) білім алушыларға жүйені талдау, шешім ұсыну, бағдарламалық қосымшалар жасау, оларды дамытып жетілдіру, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалау мүмкіндігін беру мақсатында компьютердің жұмыс істеуінің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;
3) талдау, абстракция, үлгілеу мен программалау арқылы білім алушыларға әртүрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;
4) білім алушылардың логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ, жалпылау және үйлестік тапсырмаларды құрамдас бөліктерге бөлу және ортақ заңдылықтарды табу, қойылған міндеттерді орындауға қажетті тиімді және рационалды тәсілдер табу сияқты қамтитын есептік ойлау қабілетін дамыту;
5) білім алушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл Қазақстандық қауымның мүддесінде әрекет ету;
6) білім алушылардың пән аясында академиялық тілді меңгеруіне және терминологиялық лексиканы байытуға жағдай жасау;
7) есептеуіш платформалар негізінде басқарылатын электрондық құрылғыларды құру, құру, программалаудың тәсілдері және қағидаттарымен білім алушыларды таныстыру;
8) қазіргі таңдағы программалау ортасында программалау дағдыларын дамыту;
9) тәжірибеде қолдану арқылы білімді тереңдету және оқуға деген ынтаны арттыру;
10) әртүрлі білімсаласында (математика, физика, информатика) алған білімдерін кіріктіріп қолдану;
11) ғылыми-техникалық әзірлемелерге деген қызығушылықтарын дамыту;
12) білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жаратылыстану-математика бағытына арналған информатика пәнінің үлгілік бағдарламасында 6 бөлім қарастырылған:
1 – ші бөлім : «Аппараттық және программалық қамтамасыз ету»;
2 – ші бөлім : «Деректерді ұсыну»;
3 – ші бөлім : «Ақпараттық процестер мен жүйелер»;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет