5 сабақ: Білім берудегі жасанды интеллект Мақсаты: жасанды интеллекттің білім берудегі рөлін талқылау
Негізгі сұрақтар: - Жасанды интеллекттің білім берудегі оң жақтары;
- Жасанды интеллекттің білім берудегі теріс жақтары.
Әдістемелік нұсқау: 1. Білім берудегі жасанды интеллекттің оң және теріс жақтары туралы туралы мағлұматтар жинау.
2. Жинақталған мағлұматтар бойынша нақты фактілерге сүйеніп, ойларын ортаға салу.
Әдістері: дебат (топ екіге бөлінеді: үкімет және оппозиция; үкімет тақырыптың оң жақтарын, оппозиция теріс жақтарын қарастырады; екі топта факт пен аргументтерге сүйеніп, жауаптарын дәлелдеп, қорғау қажет)
Бағалау критерийі: 90-100 негізгі сұрақ толық ашылады, факт пен аргументтерге сүйеніп, ойларын еркін баяндайды, уақытты ұтымды пайдаланып, тақырыптан ауытқымайды
70-89 негізгі сұрақ ашылады, негізгі сұрақтарды ашу үшін фактілермен сөйлеуге тырысады, дегенмен фактілер жалпылама қарастырылған, толықтыруды қажет етеді
50-69 негізгі сұрақ толық ашылмайды, негізгі сұрақтарды ашу үшін мысал келтіріп жауап беруге тырысады, түзетуді қажет етеді, негізгі сұрақ пен оған жауаптарын жүйелей алмайды
25-49 негізгі сұрақ мүлдем ашылмайды, жауаптары негізгі сұрақтын жауаптарына сәйкес келмейді
0-24 сабақта жұмыстанбаған
Әдебиеттер: https://stud.kz/referat/show/129742
6 сабақ: Мектептегі робототехниканы оқыту әдістемесі.
Мақсаты: Робототехниканы оқытудың бағдарламасы мен мәселелерін қарап, талдау жасау.
Негізгі сұрақтар: