Информатика



бет12/119
Дата03.02.2017
өлшемі17,37 Mb.
#8600
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   119
іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Ақпарат және ақпараттық үдерістер

Компьютер. Есептеу техникасының

даму үрдісі









Қорытынды:___________________________________________________________




ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

1. Шығу облысына қарай ақпарат түрі емес нұсқаны таңда

a.Қарапайым b.Биологиялық c.Визуалды d.Әлеуметтік

2. Беру және қабылдау әдістеріне қарай ақпарат түрі емес нұсқаны таңда

a.Аудиальды b.Тактильді c.Машиналық d.Биологиялық

3. Тек ақпараттың сыртқы қасиеттері жазылған қатарды анықта



  1. Толықтық, өзектілік, адекваттық, эргономдық

  2. Толықтық, әлеуметтік, эргономдық, өзектілік

  3. Қатынау мүмкіндігі, толықтық, эргонмдық

  4. Объектілік, толықтық, әлеуметтік

4. Ең негізгі ақпараттың ішкі қасиеті

a. Ақпарат көлемі b.Ақпарат авторы

c.Ақпарат өзектілігі d.Ақпараттың өзгеру датасы

5. Ақпарат қауіпсіздігі тарапынан алғандағы ақпараттың категориялары



  1. Құпиялылығы, бүгіндігі, түпнұсқалылығы, кодталуы

  2. Құпиялылығы, бүгіндігі, түпнұсқалылығы, апеллияциялануы

  3. Құпиялылығы, түпнұсқалылығы, басқалардан ерекшелігі

  4. Құпиялылығы, бүгіндігі, қарапайымдылығы

6. Ақпаратқа әсер ету түрі емес нұсқаны тап

a.Санкцияланбаған таралым b.Ақпаратты блоктау

c.Ақпарат бүгіндігінің бұзылуы d.Ақпаратты жеткізу

7. Парольдің қанша негізгі топтары бар

a.3 b.7 c.5 d.8

8. Ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарына жатпайды

а.Электронды қорғау құрылғылары b.Оптикалық қорғау құрылғылары

c. Биометриялық қорғау құрылғылары Әскери қорғау құрылғылары

9. Биометриялық әдістерді тізіп жаз

10. Өмір сүру ортасына қарай вирустардың түрлері қандай болады?

a.Желілік, файлдық, жүктемелік b.Интернеттік, папкалық, файлдық

c.Аудиолық, файлдық, жүктемелік d.Желілік, папкалық, көшірмелі

11. Жұқтыру әдісіне қарай вирус түрлері қалай бөлінеді?



  1. Резидентті, резидентті емес

  2. Жұқпалы, көшірмелі

  3. Жұғуы тез жүретін, жұғуы уақыт өте белгілі болатын

  4. Файлдық, желілік

12. Әсері бойынша вирус түрлері қалай бөлінеді?

  1. Жұғуы тез жүретін, жұғуы уақыт өте белгілі болатын

  2. Жұқпалы, көшірмелі

  3. Өте қауіпті, қауіпті, қауіпті емес

  4. Резидентті, резидентті емес

13. Вирусқа қарсы программалар қатарына жатпайды

a. Ревизорлар b.Докторлар

c.Вакцинаторлар d.Профилактиктер

14. Антивирус программаларының өзің білетін атауларын тізіп жаз

15. Вирустар енуінің негізгі жолы

a.Компьютерлік желілер мен дисктер b.Суреттер мен аудиофайлдар

c.Фильмдер d.Ойындар

16. Ақпараттың сығу деңгейі мен жылдамдығына әсер етушілер қатарына жатпайды

a.Қолданылатын программа түрі b.Сығу әдісі

c.Бастапқы файл типі d.Көшіру

17. Жақсы сығылатын файлдар

a.Графикалық, текстілік b.Атқарушы программа файлдары

c.Жүктеу программалары файлдары d.Архивтелген файлдар

18. Архиватордың негізгі сипаттамаларына жатпайды

a.Сығу деңгейі b.Сығу жылдамдығы

c.Шығарушы компания атауы d.Сервис

19. Архиватор негізгі қанша топқа бөлінеді

a.3 b.2 c.5 d.4

20. Архивтің ерекше деп аталатын түрлерін жаз

21. Ең алғашқы есептеу құралы

a.Калькулятор b.Паскалина c.Есепшот d.Арифмометр

22. Есептеу техникасының дамуына үлес қосқан ғалымдар

23. Алғаш төрт амалды стол калькуляторы пайда болған жыл

a.1900 b.1930 c.1945 d.1901

24. ЭЕМ дамуының қанша буыны бар

a.3 b.2 c.5 d.4

25. Бірінші буынды ЭЕМ-дерде ақпарат қайда жазылды

a.Перфокарта b.Микропроцессорларда

c.Интегралды схемада d.Транзисторларда

26. Фортран, Алгол, Кобол программалау тілдері пайдалана басталды

a.Бірінші буында b.Екінші буында

c.Үшінші буында d.Төртінші буында.

27. ЭЕМ атауы компьютер сөзімен ауыстырылған кезең

a.Бірінші буында b.Екінші буында

c.Үшінші буында d.Төртінші буында

28. Арифмометрді ойлап тапқан неміс математигі

a.Блез Паскаль b.Вильгельм Шикард

c.Лейбниц d.Чарльз Беббидж

29. Аналитикалық машинаны ойлап тапқан ағылшын математигі

a.Блез Паскаль b.Вильгельм Шикард

c.Лейбниц d.Чарльз Беббидж

30. Есептеуіш сағаттар авторы

a.Блез Паскаль b.Вильгельм Шикард c.Лейбниц d.Чарльз Беббидж

31. Қосу машинасын ойлап тапқан француз математигі

a.Блез Паскаль b.Вильгельм Шикард c.Лейбниц d.Чарльз Беббидж

32. Тұңғыш компьютерді жасаған америкалық математик және физик

a.Блез Паскаль b.Вильгельм Шикард

c.Джон фон Нейман d.Чарльз Беббидж

33. Тұңғыш компьютерді жасалған жыл

a.1900 b.1930 c.1945 d.1901

34. Функционалдық мүмкіндіктері бойынша компьютерлік техника түрлеріне жатпайды

a.Микрокомпьютерлер (дербес компьютер) b.Миникомпьютерлер

c.Мейнфреймдер d.Калькуляторлар

e.Суперкомпьютерлер

35. Мур Заңын сипаттап жаз

36. Ең алғаш шыққан программалау тілі

a.Паскаль b.С++ c.Фортран d.Алгол

ІІ деңгей тапсырмалары

Берілген сөздердің анықтамасын жаз:

1. Ақпарат анықтамасы

2. Ақпарат қауіпсіздігі анықтамасы

3. Ақпаратты қорғау дегеніміз не?

4. Пароль анықтамасы

5. Шифрлер дегеніміз не?

6. Сигнатуралар дегеніміз не?

7. Компьютерлік вирустар анықтамасы

8. Ақпаратты сығу дегеніміз не?

9. Архиватор анықтамасы

10. Есептеу техникасы анықтамасы

11. Компьютер анықтамасы

12. WinRAR сипаттамасы



ІІІ деңгей тапсырмалары

1.ЭЕМ 5 буынын сипаттап жаз

2.Алғашқы компьютерлер мен қазіргі компьютерлерді салыстырып жаз

3.Компьютерлік техника қолданысының үрдісі

4.Джон фон Нейман ұсынған алғашқы компьютердің жұмыс істеу принципі

5.Архиватордың біркелкі тізбектерді ауыстыру әдісі мен артық ақпаратты жою әдісі бойынша жұмыс істеуін талдаңыз

6.Вирус жұққан компьютер белгілерін тізіп жазыңыз.





V. бағамдау-бағалау




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________


9 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы: Алгоритм ұғымы.




Күтілетін нәтиже:




Білімдік

Жаңа білім

  • Алгоритм терминін таниды.

  • Алгоритм жазу жолдарын үлкен екі категорияға жатқызады.




Жаңа түсінік

  • Алгоритмді графикалық түрде жазудың кейбір элементтерін айырып таниды.

  • Алгоритмді орындау мысалын келтіреді.




Құзырлылық

Қолданым әрекеті

  • Қатесі бар алгоритмдерді өзгертеді.

  • Алгоритм ұғымына сәйкес келетін жағдайларды көрсетеді.




Талдау әрекеті

  • Логикалық есептерді шешуде алгоритм ұғымының рөлін ерекшелейді.




Шығармашылық әрекет

Ғылымда және тұрмыста маңызы бар мәселелерді шешу арқылы алгоритм ұғымын толығымен түйіндейді.




Құндылық

Бағамдау әрекеті

  • Өмір алгоритмдерден тұратындығының түсіндірмесін береді.

  • Математикадағы есеп шығару ережелері мен алгоритмдер арасындағы байланысты анықтайды.




Сабақ құрылымы:







І. Ақпарат алмасу (15 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (3 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).




Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру




Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық




Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:







  • Жаңа терминологиямен таныстыру

  • Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету

  • Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру




Негізгі ұғымдар мен терминдер:







• Алгоритм, программа, блок-схема, алгоритмнің сөз түріндежазылуы, алгоритмнің график түрінде жазылуы




Оқушыда дағды қалыптастыру:







  • Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

  • Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

  • Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау




Ақпарат көздері:







1. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.

2. В.Федосеева, Ю.Базанова. Алгоримты в нашей жизни. Ақпарат көзі: http://900igr.net/kartinki/informatika/Algoritmy/048-Algoritmy-v-nashej-zhizni.html

3. Алгоритм и его свойства. Ақпарат көзі: school.baltinform.ru/files/3/documents_28420_file.ppt

4. С. Яковлев. Что такое алгоритм.... Ақпарат көзі: http://school10-rasskazovo.narod.ru/INFO/site-alg/algoritm.htm






Оқушы жетістігін бағалау:







  • Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.




Үй тапсырмасы:







• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы

Анықтамаларды жаттау, өмірде кездесетін 2 алгоритм мысалын және математикада қолданатын 1 алгоритм мысалын келтіру.









• Бонус-балл тапсырмасы

Биология, география пәндеріде кездесетін алгоритм мысалдарын келтіру



САБАҚ БЛОКТАРЫ










і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

  1. “Алгоритм” терминінің анықтамасы, шығу тарихы

  2. Алгоримді күнделікті өмірде қолдану, мысалдар

  3. Алгоритмді жазу жолдарына қысқаша шолу

  4. Алгоритмді информатика, математика және логикалық есептерді шешуде қолдану, мысалдар

Слайдтар:

1-слайд Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритм дегеніміз реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі.





2-слайд “Алгоритм” сөзінің пайда болу тарихы

  • Алгоритм атауы атақты араб математигі

Әл-Хорезми есімінің латынша Algorithmi болып жазылуынан шыққан.

  • Әл-Хорезми санаудың ондық жүйесінде көпорынды сандар мен арифметикалық амалдардың орындалу ережесін ұсынған.

  • Әл-Хорезми (763-850 жж.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет