|
Тақырыбы: Орындаушының командалар жүйесі
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
Білімдік
|
Білім
|
• Орындаушының командалар жүйесі мен бас тартулар жүйесін анықтайды.
• Алгоритм коммандаларын жай және құрама деп екі категорияға жатқызады.
|
|
Түсінік
|
• Әртүрлі орындаушылардың командалар жүйесіне мысал келтіреді.
|
|
Құзырлылық
|
Қолданыс
|
• Сипатталған орындаушының командалар жүйесін құрастырады.
|
|
Анализ
|
• Командалар жүйесі бар орындаушының мүмкіндіктерін талдайды.
|
|
Синтез
|
• Орындаушылардың командалар жүйесі мен бас тартулап жүйесін ойлап табады.
|
|
Құнды-лық
|
Баға
|
• Орындаушының командалар жүйесі, бас тартулар жүйесі мен ортасы жайлы білімін түйіндейді.
|
|
Сабақ құрылымы:
|
|
|
І. Ақпарат алмасу (10 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (12 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (4 мин.).
|
|
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру
|
|
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті
|
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
| -
Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
-
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету
-
Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
-
Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға
мүмкіндік беру
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
|
• Орындаушының командалар жүйесі, орындаушының бас тартулар жүйесі, жай команда, құрама команда.
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
| -
Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
-
Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
-
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
|
|
Ақпарат көздері:
|
|
|
1. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.
2. Л.Л. Босова. УМК по информатике для 5-7 классов. Ақпарат көзі: http://www.myshared.ru/slide/57098/
3. И.Семакина, Е.Хеннера. 2011. Информатика и ИКТ. Задачник-практикум. Москва: Бином. Лаборотория знаний.
4. Л. Л. Босова. Алгоритмы и исполнители. Ақпарат көзі: http://metodist.lbz.ru/authors/informatika/3/ppt9kl.php
|
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
| -
Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
|
|
Үй тапсырмасы:
|
|
|
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
Ойдан орындаушы ойлап тауып, оның командалар жүйесі, бас тартулар жүйесі мен ортасын анықтаңыз.
|
|
|
• Бонус-балл тапсырмасы
Робот орындаушысы алаңның қай жерінде тұрғанда “жоғары” командасын орындаудан бас тартады? Ал “төмен”, “оңға”, “солға” командаларынан ше? Робот сары сызықтан шыға алмайтынын ескер.
|