8-слайд Орындаушының бас тартулар жүйесі
-
Егер ОКЖ-ға кірмейтін команда шақырылса, «Түсінбеушілік» салдарынан орындаушы команданы орындаудан бас тартады.
-
ОКЖ-ның жағдайына байланысты команда орындала алмайтын жағдайда, «Амалсыздық» салдарынан орындаушы команданы орындаудан бас тартады.
-
Орындаушы жауаптары - «Түсінбеймін» , «Амалым жоқ»
Мысал: Егерде кір жуғыш машинаға су берілмесе, машина «шаю» командасын орындай алмайды.
|
9-слайд Алгоритм командалары
-
Кез келген алгоритмнің қарапайым бір
қадамы жай команда болып табылады.
-
Құрама команда бірнеше жай командалардан құралады.
|
10-слайд Жай командалар
а)меншіктеу;
ә)пернетақтадан енгізу;
б)экранға, басуға шығару;
в)қағазға басу командасы;
|
11-слайд Құрама командалар
Құрылымына қарай құрама командалар:
-
тізбекті
-
тармақталу
-
циклдік
топтардан тұрады.
|
2-слайд_Келесі_алгоритмді_орындаңыз'>12-слайд Келесі алгоритмді орындаңыз:
-
Ішіңізден бір сан ойлаңыз
-
Сол санға өзін қайта қосыңыз
-
Нәтижені 3-ке көбейтіңіз
-
Енді өзіңіз ойлаған санға бөліңіз
-
Барлық әрекеттерді орындап біткен соң, келесі слайдқа назар аудар
|
13-слайд
-
Жауабы: 6
-
Егер сіздің жауабыңыз сәйкес келсе, сіз жақсы алгоритм орындаушысы болып табыласыз.
-
Осы алгоритмді атқаратын орындаушының командалар жүйесіне кіретін командаларды ата.
|
|
|
іі. алғашқы бекіту
|
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Орындаушының командалар жүйесі. Мысалдар.
|
Орындаушының бас тартулар жүйесі
|
Алгоритм командаларының түрлері
|
Кез-келген орындаушының командалар жүйесі болады. Орындаушының командалар жүйесі (ОКЖ) - орындаушы атқара алатын командалар жиынтығы. Мысалдар: адамның, DVD-плеердің, кір жуғыш машинаның командалар жүйесі болады.
|
Егер ОКЖ-ға кірмейтін команда шақырылса, «Түсінбеушілік» салдарынан орындаушы команданы орындаудан бас тартады.ОКЖ-ның жағдайына байланысты команда орындала алмайтын жағдайда, «Амалсыздық» салдарынан орындаушы команданы орындаудан бас тартады.
|
Алгоритм командалары жай және құрама болып бөлінеді.
Кез келген алгоритмнің қарапайым бір қадамы жай команда болып табылады.
Құрама команда бірнеше жай командалардан құралады.
|
Қорытынды:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
-
Орындаушының командалар жүйесі дегенді қалай түсінесің?
-
Орындаушының бас тартулар жүйесіне қандай орындаушы
жауаптарынан тұрады?
-
Келесі жұмыс орындаушылардың командалар жүйесін жаз:
-
Көлік жүргізушісі
-
Есепші (бухгалтер)
-
Емтихан қабылдаушы
-
Оқушы
-
Мұғалім
ІІ деңгей тапсырмалары
-
“Геометр” деп аталатын орындаушы тек сызғыш пен циркульді қолданып, әртүрлі фигураларды сызады. Осы орындаушының командалар
жүйесін сипатта.
-
Өзіңізді орындаушы деп есептеп, мәтінді ағылшын тілінен қазақ тіліне
аудару алгоритімін құрастырыңыз. Сіздің командалар жүйесі қандай әрекеттерден тұруы керек?
ІІІ деңгей тапсырмалары
-
Есептеуші орындаушысының командалар жүйесі екі әрекеттен тұрады. Әрбір әрекетке нөмір берілген:
1 – 1-ді азайту
2 – 3-ке көбейту
Бірінші әрекет саннан 1-ді азайтады, екінші әрекет 3-ке көбейтеді
Есептеуішке арнап келесі нәтижелерге қол жететіндей, 5 командадан аспайтын алгоритм құрыңыз:
а) 3 санынан 16 санын алу
ә) 1 санынан 25 санын алу
Топтық жұмыс.
1-топқа: Өздеріңізді қазақ тіліндегі мәтінді орыс тіліне аудару алгоритімінің орындаушысы деп есептеп, орындаушының командалар жүйесі мен бас тартулар жүйесін сипаттаңыз.
2-топқа:Өздеріңізді бір айдағы электр энергиясын есептеу алгоритімінің орындаушысы деп санап, орындаушының командалар жүйесі мен бас тартулар жүйесін сипаттаңыз.
3-топқа: Өздеріңізді биік ғимараттан құлаған тастың құлау уақытын есептеу алгоритімінің орындаушысы деп санап, орындаушының командалар жүйесі мен бас тартулар жүйесін сипаттаңыз.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
№14 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
|
|
Тақырыбы: Алгоритм типтері
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
Білімдік
|
Білім
|
• Алгоритм түрлерін анықтайды.
|
|
Түсінік
|
• Цикл және тармақталу түрлерін айырып таниды.
• Күрделі тармақталудың қолдану жағдайларын түсінеді.
|
|
Құзырлылық
|
Қолданыс
|
• Алгоритмді орындау үшін тармақталу алгоритмін пайдаланады.
• Күрделі шарттарды қолданады.
|
|
Анализ
|
• Алгоритмнің әрбір түрін құрастыру арқылы талдайды.
|
|
Синтез
|
• Алгоритмнің әрбір түрі жайлы білімдерін түйіндейді.
|
|
Құнды-лық
|
Баға
|
• Алгоритмнің барлық түрлерін қиыстыру арқылы жасалған алгоритмді сипаттайды.
|
|
Сабақ құрылымы:
|
|
|
І. Ақпарат алмасу (16 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (2 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (16 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (3 мин.).
|
|
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру
|
|
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық
|
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
| -
Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
-
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету
-
Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
-
Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
|
Сызықтық алгоритм, тармақталу алгоритімі, циклдік алгоритм, толымды тармақталу, толымсыз тармақталу, арифметикалық цикл, итерациялық цикл
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
| -
Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
-
Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
-
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
|
|
Ақпарат көздері:
|
|
| -
Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.
-
Алгоритм и его свойства. Ақпарат көзі: http://internika.org/sites/default/files/work_n/algoritm_i_ego_svoystva.ppt
-
Алгоритм и его свойства. Ақпарат көзі: school.baltinform.ru/files/3/documents_28420_file.ppt
|
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
|
Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.
|
|
Үй тапсырмасы:
|
|
| -
Анықтамаларды жаттау.
-
Сызықтық, тармақталу және циклді алгоритм типтерінің бәрі қолданылатын бір алгоритм құрастырып келіңіз.
|
|
|
• Бонус-балл тапсырмасы
|
Тақырып жоспары:
1. Алгоритм түрлері. Сызықтық алгоритм
2. Тармақталу алгоритімі.
3. Циклдік алгоритм.
Слайдтар:
Достарыңызбен бөлісу: |