Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
№15 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
|
|
Тақырыбы: Бақылау жұмысы. 2-тоқсан.
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
Білімдік
|
Білім
| -
1-тоқсан бойы өткен материалды есіне түсіреді.
|
|
Түсінік
| -
Алгоритм ұғымын, орындаушы ұғымын, алгоритм қасиеттерін, түрлерін мен жазу жолдарын айырып таниды.
|
|
Құзырлылық
|
Қолданыс
| -
Алгоритм, алгоритм жазу жолдары және алгоритм орындаушысы жайлы білімдерін практикалық есептер шешуде қолданады.
|
|
Анализ
| -
Алгоритм, алгоритм орындаушысы, орындаушының командалар жүйесі мен алгоритм жазу жолдары ұғымдарының арасындағы байланысты анықтайды.
|
|
Синтез
| -
Бақылау жұмысына байланысты шығармашылық әрекет орындалмайды.
|
|
Құнды-лық
|
Баға
| -
Сабақта жазған бақылау жұмысына сыни талдау жасайды.
|
|
Сабақ құрылымы:
|
|
|
І. Ақпарат алмасу (4 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (1 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (40 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (0 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (0 мин.).
|
|
Сабақ типі: Оқушылардың білімін бақылау, бағалау.
|
|
Оқыту әдісі: Бақылау жұмысы
|
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
| -
Оқушыларға есептерді бірнеше нұсқа ретінде ұсыну
-
Нұсқаларды дайындау үшін деңгейлік тапсырмалар ретін ауыстыру
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
|
• Алгоритм, алгоритм қасиеттері, алгоритмді жазу жолдары, алгоритм орындаушысы, формалды орындаушы, сызықтық алгоритм, тармақталу алгоритімі, циклдік алгоритм
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
|
• Бақылау жұмысына дайындық мақсатында барлық слайд материалдарын, деңгейлік тапсырмалар мен үй жұмысы тапсырмаларын қайталау.
|
|
Ақпарат көздері:
|
|
|
1. Бөрібаев Б., Нақысбеков Б., Мадиярова Г. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.
2. Фадина Л.В., Урок информатики в 7-м классе по теме "Типы алгоритмов: линейные, разветвляющиеся, циклические". Ақпарат көзі: http://festival.1september.ru/articles/596364/
3. И.В. Лобачева. Тестовые задания по теме «Алгоритм. Свойства алгоритмов». Ақпарат көзі:
http://www.stsosh.ru/doc/metodkopilka/lobacheva/lobacheva-1.php
4. В.Федосеева, Ю.Базанова. Алгоримты в нашей жизни. Ақпарат көзі: http://900igr.net/kartinki/informatika/Algoritmy/048-Algoritmy-v-nashej-zhizni.html
5. С. Яковлев. Что такое алгоритм.... Ақпарат көзі: http://school10-rasskazovo.narod.ru/INFO/site-alg/zadanie.htm
|
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
| -
Оқушының бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады.
|
|
Үй тапсырмасы:
|
|
|
• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы
-
Бақылау жұмысында шығара алмаған немесе шешіміне сенімді емес есептерді қарау, қатемен жұмысқа дайындалу
|
|
|
• Бонус-балл тапсырмасы
-
Көлемдері 8, 5 және 3 литр болатын үш ыдыс бар. Бірінші ыдысқа су құйылған. Берілген ыдыстарды қолдана отырып, суды екі ыдыста 4 литрден су болатындай, ал қалған ыдыс бос болатындай етіп бөлу алгоритімін өзіңізге ыңғайлы түрде жазыңыз. Артық суды төгіп тастауға болады.
|
САБАҚ БЛОКТАРЫ
|
|
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу
|
|
Тақырып жоспары:
1. Алгоритм және оның қасиеттері
2. Алгоритм орындаушысы
3. Алгоритм жазу жолдары және оның құрылымына байланысты түрлері
Слайдтар:
3-слайд Алгоритм дегеніміз не?
-
Алгоритм дегеніміз реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі.
|
4-слайд Алгоритмнің негізгі қасиеттері
|
5-слайд
|
6-слайд Алгоритм блоктарының кескінделуі
Іс-әрекеттің атауы
|
Блок-схема түрі
|
Негізгі әрекеті
|
Процесс
|
|
Математикалық өрнектерді есептеу
|
Таңдау
|
|
Есеп шығару жолын таңдау
|
Модификация
|
|
Цикл басы (қайталау)
|
Құжат
|
|
Нәтижені шығару, қағазға басу
|
Енгізу, шығару
|
|
Мәлімет енгізу (шығару)
|
Бастау, аяқтау
|
|
Алгоритмнің басы, соңы
|
Қосалқы программа
|
|
Қосалқы программаға кіру және шығу
|
Түсініктеме
|
|
Схеманың, формуланың түсініктемесі
|
|
7-слайд Алгоритм орындаушысы
-
Алгоритм орындаушысы – көрсетілген іс-әрекеттер тізбегін бұлжытпай орындай отырып, керекті нәтиже алуды жүзеге асыратын машина, құрылғы, жануар немесе адам.
|
8-слайд Алгоритм орындаушысының түрлері
-
Кейбір орындаушылар алгоритмді атқару барысында өз әрекеттерінің мағынасын түсінбейді. Сонда да, әрекеттерді бұлжытпай орындап, керекті нәтижеге жетеді. Мұндай орындаушыларды формалды деп атайды.
-
Формалды емес орындаушы әрекеттерінің мағынасын түсінеді.
|
9-слайд Орындаушы сиппаттамалары
|
10-слайд Орындаушының командалар жүйесі
-
Орындаушының командалар жүйесі (ОКЖ) - орындаушы атқара алатын командалар жиынтығы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |