Информатика



бет29/119
Дата03.02.2017
өлшемі17,37 Mb.
#8600
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   119




8-слайд Орындаушының бас тартулар жүйесі

  • Егер ОКЖ-ға кірмейтін команда шақырылса, «Түсінбеушілік» салдарынан орындаушы команданы орындаудан бас тартады.

  • ОКЖ-ның жағдайына байланысты команда орындала алмайтын жағдайда, «Амалсыздық» салдарынан орындаушы команданы орындаудан бас тартады.

  • Орындаушы жауаптары - «Түсінбеймін» , «Амалым жоқ»

Мысал: Егерде кір жуғыш машинаға су берілмесе, машина «шаю» командасын орындай алмайды.





9-слайд Алгоритм командалары



  • Кез келген алгоритмнің қарапайым бір

қадамы жай команда болып табылады.

  • Құрама команда бірнеше жай командалардан құралады.




10-слайд Жай командалар

а)меншіктеу;

ә)пернетақтадан енгізу;

б)экранға, басуға шығару;

в)қағазға басу командасы;





11-слайд Құрама командалар

Құрылымына қарай құрама командалар:



  • тізбекті

  • тармақталу

  • циклдік

топтардан тұрады.




2-слайд_Келесі_алгоритмді_орындаңыз'>12-слайд Келесі алгоритмді орындаңыз:

  1. Ішіңізден бір сан ойлаңыз

  2. Сол санға өзін қайта қосыңыз

  3. Нәтижені 3-ке көбейтіңіз

  4. Енді өзіңіз ойлаған санға бөліңіз

  5. Барлық әрекеттерді орындап біткен соң, келесі слайдқа назар аудар




13-слайд

  • Жауабы: 6

  • Егер сіздің жауабыңыз сәйкес келсе, сіз жақсы алгоритм орындаушысы болып табыласыз.

  • Осы алгоритмді атқаратын орындаушының командалар жүйесіне кіретін командаларды ата.







іі. алғашқы бекіту




Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.

Орындаушының командалар жүйесі. Мысалдар.

Орындаушының бас тартулар жүйесі

Алгоритм командаларының түрлері

Кез-келген орындаушының командалар жүйесі болады. Орындаушының командалар жүйесі (ОКЖ) - орындаушы атқара алатын командалар жиынтығы. Мысалдар: адамның, DVD-плеердің, кір жуғыш машинаның командалар жүйесі болады.

Егер ОКЖ-ға кірмейтін команда шақырылса, «Түсінбеушілік» салдарынан орындаушы команданы орындаудан бас тартады.ОКЖ-ның жағдайына байланысты команда орындала алмайтын жағдайда, «Амалсыздық» салдарынан орындаушы команданы орындаудан бас тартады.

Алгоритм командалары жай және құрама болып бөлінеді.

Кез келген алгоритмнің қарапайым бір қадамы жай команда болып табылады.

Құрама команда бірнеше жай командалардан құралады.


Қорытынды:_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




ііі. құзырлылық қалыптастыру




Деңгейлік тапсырмалар:

І деңгей тапсырмалары

  1. Орындаушының командалар жүйесі дегенді қалай түсінесің?

  2. Орындаушының бас тартулар жүйесіне қандай орындаушы
    жауаптарынан тұрады?

  3. Келесі жұмыс орындаушылардың командалар жүйесін жаз:

  • Көлік жүргізушісі

  • Есепші (бухгалтер)

  • Емтихан қабылдаушы

  • Оқушы

  • Мұғалім


ІІ деңгей тапсырмалары

  1. “Геометр” деп аталатын орындаушы тек сызғыш пен циркульді қолданып, әртүрлі фигураларды сызады. Осы орындаушының командалар
    жүйесін сипатта.

  2. Өзіңізді орындаушы деп есептеп, мәтінді ағылшын тілінен қазақ тіліне
    аудару алгоритімін құрастырыңыз. Сіздің командалар жүйесі қандай әрекеттерден тұруы керек?


ІІІ деңгей тапсырмалары

  1. Есептеуші орындаушысының командалар жүйесі екі әрекеттен тұрады. Әрбір әрекетке нөмір берілген:

1 – 1-ді азайту

2 – 3-ке көбейту

Бірінші әрекет саннан 1-ді азайтады, екінші әрекет 3-ке көбейтеді

Есептеуішке арнап келесі нәтижелерге қол жететіндей, 5 командадан аспайтын алгоритм құрыңыз:

а) 3 санынан 16 санын алу

ә) 1 санынан 25 санын алу






іV. шығармашылық әрекет




Топтық жұмыс.

1-топқа: Өздеріңізді қазақ тіліндегі мәтінді орыс тіліне аудару алгоритімінің орындаушысы деп есептеп, орындаушының командалар жүйесі мен бас тартулар жүйесін сипаттаңыз.

2-топқа:Өздеріңізді бір айдағы электр энергиясын есептеу алгоритімінің орындаушысы деп санап, орындаушының командалар жүйесі мен бас тартулар жүйесін сипаттаңыз.

3-топқа: Өздеріңізді биік ғимараттан құлаған тастың құлау уақытын есептеу алгоритімінің орындаушысы деп санап, орындаушының командалар жүйесі мен бас тартулар жүйесін сипаттаңыз.







V. бағамдау-бағалау




Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


14 сабақ



МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы: Алгоритм типтері




Күтілетін нәтиже:




Білімдік

Білім

• Алгоритм түрлерін анықтайды.




Түсінік

• Цикл және тармақталу түрлерін айырып таниды.

• Күрделі тармақталудың қолдану жағдайларын түсінеді.






Құзырлылық

Қолданыс

• Алгоритмді орындау үшін тармақталу алгоритмін пайдаланады.

• Күрделі шарттарды қолданады.






Анализ

• Алгоритмнің әрбір түрін құрастыру арқылы талдайды.




Синтез

• Алгоритмнің әрбір түрі жайлы білімдерін түйіндейді.




Құнды-лық

Баға

• Алгоритмнің барлық түрлерін қиыстыру арқылы жасалған алгоритмді сипаттайды.




Сабақ құрылымы:







І. Ақпарат алмасу (16 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (2 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (16 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (3 мин.).




Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру




Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық




Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:







  • Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру

  • Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету

  • Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.

  • Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру




Негізгі ұғымдар мен терминдер:







Сызықтық алгоритм, тармақталу алгоритімі, циклдік алгоритм, толымды тармақталу, толымсыз тармақталу, арифметикалық цикл, итерациялық цикл




Оқушыда дағды қалыптастыру:







  • Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

  • Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

  • Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау




Ақпарат көздері:







  1. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.

  2. Алгоритм и его свойства. Ақпарат көзі: http://internika.org/sites/default/files/work_n/algoritm_i_ego_svoystva.ppt

  3. Алгоритм и его свойства. Ақпарат көзі: school.baltinform.ru/files/3/documents_28420_file.ppt




Оқушы жетістігін бағалау:







Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.




Үй тапсырмасы:







  • Анықтамаларды жаттау.

  • Сызықтық, тармақталу және циклді алгоритм типтерінің бәрі қолданылатын бір алгоритм құрастырып келіңіз.







• Бонус-балл тапсырмасы








САБАҚ БЛОКТАРЫ







і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

1. Алгоритм түрлері. Сызықтық алгоритм

2. Тармақталу алгоритімі.

3. Циклдік алгоритм.



Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд Сабақтың мақсаты




3-слайд Тақырып жоспары

Каталог: uploads -> doc -> 1057
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1057 -> Сабақтың тақырыбы: М. Тәнекеев. Қажымұқан Мектеп:№19 Күні: 10. 12. 16 Мұғалім: Ашуханова А. К
1057 -> Сабақтың тақырыбы: Металды қолмен оттекті кесу. Сабақтың мақсаттары
1057 -> Шаблон для закрытых вопросов (пять вариантов ответов)
1057 -> Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы Тобы: мб-11


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет