Компьютердегі жұмыс және ойлау әрекеттері.
Оқушылардың ойлау үрдісін, қателіктері мен қиындықтарының мәнін түсіну үшін компьютерге байланысты логикалық ақыл-ой әрекеттері қалай жүзеге асырылатының қарастырайық.
Анализ және синтез. Информатика курсындағы анализ бен синтез әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың айқын көрінетін тұстары., есептің қолайлысын талдау анализ, қолдағы бар бағдарламалық немесе синтаксистік құралдар арқылы олардың шешімін синтездеу. Кейде анализдің мақсаты қатенің себебін анықтау болуы мүмкін.
Бұдан програманың орындау үрдісі қадамдарға бөлінеді, ал мәліметтердің өзгеру үрдісі қадамдардың тізбегін өзгертеді. Егер қатені іздеу бағдарламаны тасымалдау трассировка жолымен компьютердегі диалог түрінде орындалса, онда бұл талдаудың түрі- өрескел талдау жіктеу болады.
Салыстыру мен топтау. Бір-біріне жақын командаларды түсіндіруде салыстырудың үлкен мәні бар. ЭК-де көшіру мен көбейту, МАТ-дегі үшін және әзір командалары. Бұл ұғымның мағынасын меңгерудің міндетті кезеңі.
Салыстыру өте тиімді дидактикалық тәсіл. Салыстырудың көмегімен жаңа ұғымдарды енгізіп бекітуге болады. Алдымен, ұқсастығын, одан кейін айырмашылығын көрсету қажет.
Жалпылау, индукция және дедукция. Жалпылаудың айқын мысалы- ұқсас әрекеттердің жеке қайталанулары ұғымынан қайталану командасын көшу бола алады. Мұны математикалық индукция деп түсінбеу қажет, ол толық индукция.
Аналогия және тасымал. Аналогия дегеніміз - бұл индукцияның абайланған бір түрі. Талдау үлгісі төмендегідей. В жағдайында F фактісінің орны бар. В1 жағдайының қандай да бір мағынада В жағдайына ұқсастығы бар. Олай болса, олардың әрқайсысында F фактісіне орын бар деп күтуге болады. Енді осы мысалды нақтылайтын болсақ, Е - практикум жүйесінде SHIFT+DEL командасы жолды өшіретіні белгілі.
Мектептегі информатика және есептегіш техника негіздері курсының мазмұнын таңдауға бір-бірімен белгілі қарама-қайшылықта болатын екі негізгі факторлар тобы әсер етеді.
1) Ғылыми және практикалық факторлар. Информатика оқу пәнінің мазмұны информатика ғылымы арқылы анықталуы керек. Бұл пәнді оқыту барысында іргелі білім деңгейі беріліп, оқушылардың әртүрлі саладағы болашақ кәсіби қызметіне дайындығы қамтамасыз етілуі тиіс.
2) Түсініктілік және жалпы білімділік факторлар. Оқу пәнінде қамтылған материялды меңгеруге оқушының шамасы келетіндей болуы керек, олардың ойлау қабілетінің деңгейі мен білімі,іскерлігі, дағдыға сай болуы тиіс. Сондай-ақ, информатика курсы информатика ғылымының сәйкес салаларында жалпы мәні ьар мәліметтерді қамтуы қажет. Қорыта айтқанда, мектептегі информатика курсы бір жағынан болашақ заманға лайық өмірдің күрделіленген талаптарына жауап беруі керек, екінші жағынан қарапайым болуы қажет.
Информатика және есептегіш техника курсының қазіргі заман ғылымының үш іргелі ұғымына негізделеді:
Ақпарат-алгоритм -компьютер.
Оқушылардың меңгңруіне міндетті болатын териялық дайындықтың көлемі осы ұғымдар жүйесі арқылы анықталады.
Оқытудың нақты мазмұны алгоритмдік мәдениеттің және олардың компьютерлік сауаттылығының компоненттерінен құралады. Информатика курсының мазмұнын анықтаудағы тағы бір маңызды мәселе – курсты оқыту реті. Бұл екі мәселе бір-бірмен тығыз байланысты, сондықтан да олар ғылыми негізде енгізілуі керек. Мектептегі информатика мазмұнын, көлемін және көп жағдайда оқытудың ретін анықтайтын негізгі құжат-ресми түрде белгіленген оқу бағдарламасы болып табылады.
Ал, оқу бағдарламасы сол курсты оқыту тұжырымдамасының негізгі түйіні. Енді информатика енгізілгеннен бері жарияланып жатқан тұжырымдамалар мен оқу бағдарламаларына тоқталайық. Информатиканы оқыту тұжырымдамаларының алғашқы нұсқалары 1989, 1990, 1991 жылдары жарияланды. Бірақ, олар барлық білімді информатикаландыру негізінде құрылған. Бұл еңбектерде информатика пәнін оқыту мәселесі, оның мазмұны мен мақсаты жекеленіп ашылмаған. Сонымен қатар, соңғы жылдары информатика пәнін оқыту мәселесінде үлкен өзгерістер болды. 1998 жылы Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін орта мектепте оқылатын информатика курсы бойынша мемлекеттік білім беру стандарты құрылып, оқу үрдісіне енгізілді.
Орта мектентің сатылары бойынша информатика курстарын оқытуды екі кезеңге бөліп қарастырады.
I кезең (7-9 сыныптар) – негізгі курстар деп аталады, ол информатика пәні бойынша оқушыларды міндетті жалпы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш танысады, компьютердің архитектурасы және ақпаратлық технологиямен жұмыс істеу тәсілдерін үйрене отырып, оқу үрдісіне компьютерді жан-жақты тиімді пайдалана отырып, өзіндік танымдық іс-әрекеттерін қалаптастырады. Негізгі курсты оқытуды басқару ісіндегі ақпаратның мәні, ақпаратлық ропцестердің жалпы заңдылықтары және жүйелі ақпаратлық тәсілдер туралы түсініктер қалыптасады. Бұл кезеңде оқушылар алгоритм, алгоритмнің құрылымдары (сызықтық, тармақталған, қайталану), бағдарламалау тілдерімен танысып, оны алгоритм жазуда және қолданбалы есептерді шешуде пайдалану жолдары мен мүмкіндіктері туралы мағлұматтар алады.
II кезең (10-11 сыныптар) – бағдарлы курс, мұнда оқушылар кәсіптік бағдар бойынша оқытылады. Ол оқушылардың сұранысына, қабілетіне және қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп, оларға кәсіптік мамандық деңгейіндегі дәрежеде білім беріледі. Мысалы, оқушы жаратылыстану-математика бағдары бойынша оқыса, онда бағдарламалау тілі тереңдетіліп оқытылады. Сонымен қатар, «Дербес компьютерді пайдаланушы», «Компьютер және іс-қағаздарын жүргізуші» және т.б. курстар енгізілген. Егер базистік жоспардың өзгермелі бөлігінің есебінен курсты оқыту 136 сағатқа дейін арттырылса, онда оқушыларға мамандыққа сәйкес куәліктер беру мүмкіндігі туады.
Жалпы, негізгі мектепте курсты оқытуға 68 сағат бөлінсе, ал 10-11 сыныптарда базистік оқыту жоспарындағы тұрақты (инвариантты) бөліктің есебінен 68 сағат бөлінген.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының талаптарына сәйкес информатиканы оқыту стандартына төмендегі мәселелер енгізілген:
-сыныптар бойынша білім беру мазмұнының міндетті минимумы;
-әрбір сыныптағы оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
-стандарттағы талаптардың орынбалуын бағалау;
- білімді бағалау үлгілері.
(Қазақстан Республикасында жасалған информатикадан мемлекеттік білім беру стандарты Ресейде жасалған А.А.Кузнецовтың тұжырымдамасын негізге алады, сондықтан келесі тақырыпта толығырақ тоқталамыз).
Қазақстан Республикасының конституциясында: «Білім беру – бұл қоғам мушелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби біліділігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие ьеру мен оқытудың үздіксіз үрдісі», - деп көрсетілген.
Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы азаматтық қазыналар ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін оның әр азаматы зиялы болуы қажет. Бұл білім беру үрдісінің үздіксіз болуын талап етеді. Білім беру үздіксіз үрдіс болса, информатиканы оқыту да үздіксіз болуы қажет.
Жалпы білім беретін орта мектепке арналған информатикадан мемлекеттік білім беру стандарты осы мәселені көздейді.
Ал, стандарт осы пәнді орта мектепте үздіксіз білім беру тұжырымдамасына негізделіп жасалынған. Тұжырымдамада білім беру жүйесін демократияландыру принциптерін жүзеге асыруға бағытталып құралған.
Мұнда оқушы өз бетімен танымдық қызмет жасап, дами алатын субьект болса, мұғалім осы қызметтің тиімді ұйымдастырылуына, нәтижелі болуына жауап беретін, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға.
Жалпы информатика курсының мазмұны мынадай екі үлкен дидактикалық мәселені шешуге бағытталуы керек:
Компьютер-оқыту обьектісі;
Компьютер-әмбебап таным құралы.
Оқушы таным субьектісі болған кезде бұл екі мәселе бірін-бірі толықтыра отырып курстың негізгі мазмұнын құрайды.
Информатика курсының негізгі мектептегі мазмұны мынадай үш кешенді мәселелердің төңірегінде шоғырланған: біріншісі – компьютерлік техникамен танысу, оның негізгі элементтері менжалры жұмыс істеу принциптерімен танысу; екіншісі – алгоритмдеу және програииалау негіздерін оқып үйрену; үшіншісі – информатиканың қолдану шеберін анықтау.
Мұнда оқыту моделі оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағытталған: мақсат – мотив – қызмет – рефлекция – теориялық білім өнерімен анықталатын түрі таңдалынып алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |