Информатиканы мектепте оќытудыњ жалпы мєселелері


Информатиканы оқыту әдістері және жетілдіру жолдары



бет4/16
Дата13.05.2020
өлшемі0,73 Mb.
#67748
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
КАНАТ ДИПЛом нов

1.3. Информатиканы оқыту әдістері және жетілдіру жолдары.

Оқушының әлем жайында білімді меңгеруі қабылдау: түсінік, еске сақтау арқылы жүреді. Ал әлемді, мысалы адамды қоршаған заттар әлемі, оның әлеуметтік ортасы, компьютерлік әлем, адамның өзінің ішкі әлемі тәрізді ақиқаттық арқылы түсінуге болады. Заттар әлемі мен олардың арасындағы байланысты оқушылар қоғамның ақпараттық ресурсына кіру арқылы және КОМПЬЮТЕР-де модельдеу арқылы таниды. Дәстүрлі әдіс мұғалімнің сөзі мен кітапқа сүйенеді.

Өзіндік тану компьютермен бейнеленетін және іс-әрекетін ойлау арқылы жүзеге асырылады.

Іс-әрекет тәсілін жүзеге асыру тәжірибелері.

Іс-әрекеттің үлгісін көрсету және инструктор жолымен компьютерлік әлемнің үнемі дамып отыратын жаңалығы мен оқушылардың ізднушілік белсенділігі арқылы беріледі. Компьютермен жұмыс істеуде іс-әрекеттің стандартты түріне барабар оқыту әдісі ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру болап табылдаы. Дайын бағдарлама мен диологты меңгеруде және клавиатурамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру үшін де бұл әдіс қолданылады.



Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері.

Шығармашылық іс-әрекет тәжірибелері мәселелық есептер шығару, таныс емес бағдарламалық құралдарды меңгеру, модельдеу арқылы қалыптасады. Бұл жерде мұғалімге тән тәсіл – бір мәнді анықтауды талап ететін есепті қою. Бағдарламалау мен модельдеу саласындағы шығармашылық тәжірибесі – ашық бағдарламалау әдісімен берілуі мүмкін. Бұған ұқсас тәжірибелердің көлемі шағын, ол ақпаратның ғылым саласы екенімен түсіндіріледі.



Эмоционалды құндылық қарым-қатынас тәжірибесі.

Эмоционалды құндылық қарым-қатынас тәжірибесі оқушылардың бір-бірімен және мұғаліммен қарым-қатынасы үрдісінде пайда болып, таратылады. Мектеп практикасында оқушыларға тікелей әсер ететін бірқатар тәжірибелер жинақталды.

Информатикаға тән тәрбиелік бағытта жұмыс істейтін оқыту әдісін атау қиын, бірақ, информатиканы оқыту барысында жүзеге асырылатын жағдайларды көрсетуге болады. Ол оқушыларға өзінің жұмысын жазуды ұсыну, бағдарламада қате жібермеуге қойылатын талап, сондай-ақ, эстетикалық құндылығы бар мәселе – оқушының жауабына класстың көңілін аудару болып тбылады.

Информатика және дәстүрлі оқыту әдістері.

Оқытудың өзіндік әдісі: классикалық педогогика өз уақытында сөзбен білім берудің жеткіліксіз екенін мойындаған болатын. Сондай-ақ, Я.А.Коменский ақпаратты кітаптан, дәрістен жеткіліксіз екенін, заттарды өз бетімен танып, бақылау арқылы ақпарат алудың маңызды екенін атап көрсеткен.

Көрнекілік әдісі: информатика курсындағы көрнекіліктің әдісі – оқушының жолдасының немесе мұғалімнің жұмысы бақылау, одан кейін компьютерлік ортаның жұмысының өзгерісін бақылау. Енді олардың ішіндегі негізгілерін қарастырайық.

Иллюстрация. Информатика курсында ақпараттың таңбалық табиғатын толық бейнелеп көрсетуге мүмкіндік бар. Мысалы, тақтада сандық немесе текстік мәндермен жазылған тіктөртбұрышты көрсету. Компьютермен алғашқы танысу ретінде қағазға бейнеленген клавиатураны көрсету, ол өзі де көрініп тұр, бірақ, пернелердің қызметі сөзбен түсіндіріледі.

Демонстрация. Мұғалім компьютердегі орындалатын іс-әрекеттіңң үлгісін үндемей-ақ демонстрациялауға болады. Кез-келген капилятор қателердің орны мен жұмысының нәтижесін мұғалімге немесе жолдастарына демонстрациялап бере алады. Алгоритмнің атқарылу үрдісі кестесінің көмегімен демонстрацияланады.

Практикалық (іс-әрекеттік) әдістер. Құрастырылып отырған жағдайда практика оқушының іс-әрекетіне қатысты теориямен емес, сөзбен және бақылаумен салыстырылады. Информатика бөлімінің үш түрі көзі үйлесімді түрде біріктіреді:сөз, бақылау және іс-әрекет. Мысалы, нұсқауларды оқып, мұғалімнің әрекеті мен Компьютердің жұмысын бақылай отырып оқушылар компютермен практикалық іс-әрекетті орындай бастайды. Мұнда әдістер бірін-бірі толықтырады.

Кері байланысты жүзеге асыру тәсілдері. Бақылау.

Бақылауды мұғалімнің, жолдасының, компьютердің және өзіндік бақылау деп тұжырымдауға болады, жалған жауапты оқушы мойындамайды, оны компьютердің шығарғаны деп есептейді, компьютер оқушының өзінің іс-әрекетін ұғынуына нәтиженің дұрыс немесе қате екендігі жөнінде хабарлама береді.

Мұғалімнің дәстүрлі бақылауымен қатар, жолдастарының бақылауының да маңызы бар. Бақылаушы басқа адамның ойлау жүрісін түсінуді үйренеді де, өзінің білімін сыртқа шығарып, сөйлеуге дағдыланады.

Компьютердің бақылауы қатеге көп көңіл аударуды талап етеді, бақылаудың келесі кезеңі-өзіндік бақылауға көшуге мәжбүр болады. Бұл бақылаудың күрделі де, ең жоғары түрі болып есептеледі.

Кері байланыс жылдам немесе баяу болуы мүмкін. Жылдам байланыс тиімді, бірақ өте жоғары жылдам реакция –мұғалімнің түсініктемесі - оқушының ойлау жүрісінің ашылуына кедергі жасауы ықтимал. Оқытуды ұйымдастыруға қатысты бақылауды ауызша және жазбаша деп білуге болады. Жазба тіл пайдалы, үлкен еңбекті талап етеді. Компьютер экраныңдағы текст жазба тілдің бір түрі болып есептеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет