Информатиканы мектепте оќытудыњ жалпы мєселелері


Бастауыш сыныптарда информатиканы элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі



бет7/16
Дата13.05.2020
өлшемі0,73 Mb.
#67748
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
КАНАТ ДИПЛом нов

1.4. Бастауыш сыныптарда информатиканы элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі

Қазақстан Республикасының 2015-жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасының «Білім беру мазмұны мен деңгейлері» - деп аталатын 4-тараудың 4.3.1-тармағында:Білім беру мазмұнында информатика негіздері мен шет тілін ерте жастан бастап оқыту мен тәрбиелеудің негізгі бағыттары көрсетіліп белгіленген. Сондықтан, заман талаптарына сай информатиканы бастауыш мектептерден бастап алғашқы дайындық курсы ретінде енгізудің қажеттілігі бүгінгі күнгі педогогика саласындағы іргелі тың мәселелердің бірі болып саналады.

Орта мектепте информатиканың жеке пән ретінде оқытылуы, көптеген педагогикалық ізденістер мен ғылыми-әдістемелік еңбектердің туындауының жандана түсуіне мүмкіндік береді. Информатиканың бүгінгі қоғамдағы алатын орнын, ерекшеліктерін ғылыми-әдістемелік тұрғыда негіздеуге арналған көптеген ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, ғылыми зерттеулердің ішінен С.Пейперт, Ж.Пиаже, Е.Коган, О.А.Красноперова, А.Витухновская мен А.Семенованың және отандық ғалымдарымыздан Е.Бидайбеков пен Ж.Қараевтың тұжырымдарымен Қ.Әбдиев, Ж.Сардарова және Г.Абдукаримованың зерттеу жұмыстары бастауыш мектептерде информатика элементтерін пайдаланудың теориялық негізі бола алады.

Алайда бұл зерттелген жұмыстарда бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыру жөніндегі мәселелер жеткілікті дәрежеде зерттелген жоқ.

Сондықтан, бастауыш мектеп оқушыларына информатиканың алғашқы түсініктері мен ұғымдарын беру, сонымен қатар басқа пәндерді оқып үйренуде пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы қажет болатын білім мен, іскерлікпен, дағды мен қаруландыру және жастарды ақпараттық қоғамда қызмет етуге дайындауды осы кезеңнен бастау қажеттілігі маңызды болып отыр.

Мұндай келелі мәселелерді шешу, бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту негізінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруды теориялық, психологиялық және педогогикалық жағынан негіздеуді қажет етеді. Бірақ , бүгінгі таңда информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде бастауыш мектепте оқытудың қажеттілігі мен оны оқу үрдісінде жүргізуге тиімді оқу-әдістемелік құралдардың, оқыту бағдарламаларының жеткілікті дәрежеде болмауының арасында қарама-қайшылық бар. Осы қарама-қайшылықтан, бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды еңгізу арқылы оқушыларда алғашқы білім, іскерлік, дағдыларды қалай қалыптастыруға және оның қандай теориялық психологиялық педогогикалық алғы шарттарын анықтауға болады? – деген зерттеу мәселесі туындайды.

Бүгінгі күні дидактикада оқыту әдістерін талдап, іріктеудің түрліше байқаулары өтіп жатыр. Оқыту әдістерін талдап ретке келтіру белгілі бір әдістерге жүйеге келтіру заңдылықтарын және ортақ сипаттамалары мен ерекшеліктерін ашуда үлкен маңызды рөл атқарады.

Бастауыш мектепте информатика элементтерін оқыту әдістеріне келер болсақ, төмендегі мәселелер туындайды:

-әрбір пәндер бойынша жүргізілетін оқу материялын оқушылардың санасына қалай жеткізу керек?

-балалар білімді, іскерлік пен дағдыларды игеру үшін, олардың белсенді танымдылық қызметін қалай ояту керек?

-оқушылардың оқуға қызығушылығын тудырып, олардың білімді болуына қалай көмектесу керек?

-ынтасы бар мен ынтасы жоқ балаларды қалай оқыту керек?

Дәл бүгінгі күні ғылыми-техникалық үрдістің жоғары дәрежеде дамуы, оқытудың жаңаша, тиімді әдістерін іздестіру талап етуде. Оқыту әдістері дегеніміз-бұл оқыту міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекетерінің жүзеге асу тәсілдері. Оның негізгі атқаратын қызметі, білімдерді жай бере салу емес, мектеп оқушысының танымдық қабілеттерін қалыптастыру мен сабаққа деген ынтасын ояту болып табылады.

Оқыту әдістерінің құрылымы – бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытудың әдістемесіне қатысты анықталады. Әдістемені жаңарту барысында, оқыту құралда-рының алатын орны ерекше. Ал, біздің оқыту әдістемемізге қолданылатын негізгі құрал – компьютерлік техника болып есептеледі.

Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педогогика-лық мақсаттарға пайдалану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту әдістері мен формаларын жетілдіруде жақсы әсерін тигізді. Оның оқыту үрдісінде даралап және топтап оқыту тәсілдерінде, өзіндік танымдық зерттеу жұмыстарын жүргізуге, зор мүмкіндіктер жасайтындығы дәлелденді.

Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқытуды жүзеге асыру, оқушылардың информатика элементтерін оқып үйрену бойынша алғашқы білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға және олардың сауат ашу, әліппе, ана тілі, қазақ тілі математика мен бейнелеу өнері пәндерінен алған білімдерін нақтылап бекітуге мүмкіндіктер туғызады.

Информатика элементтерін пәнаралық байланыстар негізінде оқытуды орта мектептің жалпы білім беретін пәндеріне пайдалана отырып, оқушылардың екі жақты пәндерден алатын білімдерін, іскерліктерін және дағдыларын жетілдіру бағытында дамытуға болады.

Информатиканы оқыту әдістемесінде математика мен информатика курстары арасында пәнаралық байланысты жүзеге асыру үшін үлкен мүмкіндіктер бар. Информатика мен математика үшін жалпы ұғымдар: ақпараттар теориясы, шамалар, графиктер және функциялар болып табылады.

Пәнаралық байланыс жүзеге асыруда дидактиканың негізгі принциптеріне сүйену қажет. Оқыту үрдісінде өзге пәндермен пәнаралық байланысты негізге ала отырып, информатиканы оқыту әдістемесінде дидактикалық принциптер қарастырып отыру керек. Олар барлық пәндермен өзара тығыз байланысуда жалпыға бірдейлік қасиеті арқылы өз кезегінде жалпы дидактиканы өзінің негізгі котегорияларымен байыта түседі.

Пәнаралық байланыстың әр алуандығын толық ашып зерттеу – бұл күрделі мәселе. Біздің міндетіміз: білім берудің негізін қалауда және оқу пәндерінің өзара байланысуының негізгі бағытын белгілеп қофдағы байланыстарды орнықтырудың үлкен мүмкіндіктерін көрсету.

Информатика пәнін бастауыш сыныптан бастап оқытудың ғылыми-теориялық негізі елімізде зерттеліп жатыр. Оның ішінде, Д.С.Байғожаның «Бастауыш мектепте информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту әдістемесі» атты ғылыми еңбегін алуға болады. Еңбектің негізгі идеясы бастауыш білім жүйесінде информатика элементтерін пәнаралық байланыс негізінде оқыту бағдарламасының жобасы жасалып, оны оқытудың әдістемесі берілсе, оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталғын.

Ақпараттық технологияның жеделдетіп дамуына байланысты информатиканың мазмұны үзіліссіз өзгеріп отырады. Сондықтан информатиканың курсын оқыту үрдісін төменгі сыныптан бастаған тиімді екендігі ғылыми-теориялық және практикалық жағынан негізделген болатын. Олай болса, болашақта білім стандартының мазмұнына информатиканы 1 сыныптан бастап оқыту мазмұны енгізілуі қажет.

Қазір әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы ақпараттық үрдістер мен факторлардың фундаментальді рөлін мойындау болып табылады.

Информатика компьютердің көмегімен ақпаратты іздеу, сақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудің әдіс тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Қазіргі ақпарат ағымын адамзат тек компьютердің көмегімен ғана қабылдайды. Компьютер ақпаратты автоматты түрде жүзеге асырады. Сондықтан компьютерде бағдарламалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар оның материялдық базасы болып табылады.

«Ғылымның обьектісі» және оның тақырыбы ұғымдарының айырмашылықтары туралы дәл түсінік кез келген ғылымның мағынасын алу үшін өте маңызды. Объект дегеніміз зерттеушінің іс-әрекеті бағытталған шын өмірдегі бір облыс, ал тақырып зерттеу обьектісімен байланыстыратын буын. Сондықтан «ғылымның тақырыбы» ұғымы «ғылымның обьектісі» ұғымымен бірдей емес, ол танымның обьективті және субъективті жақтарының диактикалық бірлігін көрсетеді Әр ғылымның өкілдері бір обьектіні әр қырынан көреді, әр түрлі міндеттер тұрғысынан қарайды. Оқыту әдіскердіңде, психолог және кибернетиктердің де зерттеу обьектісі бола алады. Олардың әрқайсысы бұл обьектіден өзіне тән нәрсені ғана ажыратады, зерттеу нәтижелерін өздерінше түсіндіреді. Басқаша айтқанда олардың әр-қайсысы өз тақырыбы бойынша жұмыс істейді. Мамандардың бәрі бір сабаққа келіп, әр-қайсысы өз ғылымы тұрғысынан талдайды. Дидактика мұғалімнің қандай жалпы принциптерді жүзеге асырғандығын ойлайды: әдіскер оқыту әдістері мен сабақ материялының осы пәнді мектепте оқытудың міндеттеріне сәйкес болуына назар аударады. Психологты ерекше қызықтыратыны оқушылардың сабақты ұғынуы, ұғынудың жалпы заңдылықтарының көрінуі, ал кибернетикке оқыту тура және кері байланысы бар басқару жүйесі болып көрінеді.

Мектеп информатикасы бағдарламалық қамтамасыз етуді зерттейтін сала ретінде анықталады.

Мектеп информатикасын бағдарламалық қамтамасыз ету орта мектептің ақпараттық басқару және оқыту жүйелерін қамтиды, оның құрамында осы жүйелерді жобалауға арналған сериялық құралдар бар.

Мектеп информатикасын оқу әдістемелік жағынан қамтамасыз ету үшін ол курс бойынша оқу бағдарламалары, әдістемелік құралдар бар.

Мектеп информатикасының келесі бесінші саласы-оны психологиялық-педогогикалық қамтамасыз ету, ол өзінің маңыздылығына байланысты алғашқы болып қарастырылатын мәселеге жатады. Қазіргі компьютердің мектептегі оқу тәрбие үрдісіне еңгізілуі компьютерлендірудің барлық мәселесін шеше алмайтыны анық. ЖИТ-ны пайдалану жағдайында оқу үрдісін тиімді және өз мақсатына жете алатындай етіп ұйымдастыру үшін бірқатар педогогикалық, психологиялық мәселелерді шешу қажет. Осыған байланысты педогогиканың, психологияның және дидактиканың дәстүрлі қағидалары қосымша зерттеуді талап етеді. Бұл жерде оқытуды компьютерлендірудің екі түрлі негізгі бағыты бар екенін ескеру қажет, олар компьютер оқу объектісі және компьютер оқу құралы ретінде.

Информатиканы орта мектепте оқыту жөніндегі қалыптасқан әртүрлі көзқарастар бар. Мектептегі ақпарат курсының мазмұны мен әдістемелік ерекшеліктері мынадай:

1. Мектептегі «Информатика» курсының мазмұны «ақпарат-алгоритм-компьютер» деген үш іргелі ұғымға негізделеді. Ол бір жағынан пәннің информатика ғылымымен байланысын қамтамасыз етсе, екінші жағынан оқушылардың теориялық дайындық деңгейін меңгеру үшін беріледі.

2. «Информатика» курсының маңызды ерекшелігі оның басқа пәндермен тығыз байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет