2.1. Информатиканы оқытуды ұйымдастырудың түрлері
Компьютердегі оқу үрдісі төмендегідей үш аспектіні қамтиды:
- оқушының оқу танымдық іс-әрекетін басқару;
- оқушының ақпаратлық үрдістерді басқару;
- оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту.
Аталған аспектілерге сәйкес:
- оқу танымдық үрдістерді ұйымдастырудың түрлері: класс-сабақ жүйесі т.б.
- оқытуды ұйымдастыру түрі: дербес, фронтальды, коллективтік, топтық:
- тәрбие жұмысын ұйымдастыру түрі, - болып бөлінеді.
Педагогикалық оқу іс-әрекетінде сабақта ұйымдастыру мен өткізудің қандай түрі пайдаланылса да,ол оқушылардың дайындық деңгейіне өтілетін материалдың күрделілігі мен жаңалығына, сондай – ақ оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты. Ал, оқыту түрін таңдау аса маңызды мәселе болып табылады, дегенмен сабақтың мақсаты оқушының таңдаған әдісіне байланысты өз деңгейіне жетеді. Осындай әдістің бес түрін атап көрсетуге болады:
түсіндірмелі -иллюстрациялы;
бағдарламаланған;
модельдік;
эвристикалық;
мәселелік.
Түсіндірмелі – иллюстрациялы әдісті оқушыларға талқыланатын тақырып белгілі болған жағдайда, сабақты өтілген материалды бекіту сабағы ретінде жоспарланғанда пайдалануға болады.
Оқушыларға аралық нәтиже белгісіз болған жағдайда бағдарламалап оқыту әдісін пайдалану ұсынылады.
Модульдік оқыту бойынша алғашқы шарттар белгісіз, бірақ қалғандары белгілі. Бұл жағдайда оқытушы сабақты оқушылармен бірге отырып, шартты таңдап, модель құруға болатындай етіп ұйымдастырады. Одан кейін соңғы нәтижеге дейін қажетті шартпен салыстырылып отырады. Егер алынған нәтижедегі айырмашылық үлкен болатын болса, онда алғашқы шартқа өзгеріс енгізіп, модель нақтыланып, алгоритм қайталанылады.
Аталған оқыту әдістері әртүрлі формада қолданылуы мүмкін. Сабақты ұйымдастыру және өткізу түрін төмендегідей құрылымда беруге болады:
ұйымдастыру;
қайталау;
жаңа материалды өту;
бекіту;
бақылау;
оқушылардың алған біліміндегі олқылықтарды толтыру.
Информатика сабағын талдау түрлері.
Информатика пәнінің мұғалімі практикалық жұмыс барысында педагогикалық іс-әрекеттің барлық түрін орындауға тура келеді. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті деп, әдетте, әр түрлі әдебиеттерді талдай отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қажетті материалды жинақтап, сабақтың пәндік мазмұнын құру; өзінің іс-әрекетін бағалай білуге үйрету болып табылады. Осыған байланысты болашақ информатика пәнінің практикалық жұмысында орындайтын іс-әрекеттің негізгі түрлерін білуге тиіс.
Информатика сабағына қатысудың мақсаты:
Білімділік:
мұғалім жұмысының тәжірибесімен танысу;
сабақты өткізу барысында мұғалімнің жаңа педагогикалық технология элементтерін пайдалана білуі;
берілген сыныпта (мектепте) информатика сабағын өткізудің ерекшелігімен танысу (курс бағдарламасы, оқулықтар, оқыту құралдары, дидактикалық материалдар және т.б.)
Дамытушылық:
педагогикалық іс-әрекеті мен оның нәтижелеріне талдау жасау қабілеттерін дамыту;
информатиканы оқытуда дидактикалық принциптерді пайдалана білу дағдыларын дамыту:
түрліпәндерді оқыту әдістерін информатика сабағының ерекшеліктерін ескере отырып, пайдалана білу дағдыларын дамыту;
мұғалімнің педагогикалық әдістер мен тәсілдерді таңдап, бағалап және ұтымды түрде қолдана білуінің дағдыларының дамуы.
Тәрбиелік:
пәнді оқытудағы қызығушылығы;
мұғалімнің жеке тұлғасына және педагогикалық еңбегіне құрметпен қарау.
Информатика сабағын талдау.
Информатика пәнініңөзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оның сабағын талдаудың бөлімдерін ұсынамыз:
Әрбір сабақтың алдында мұғалім мына нәрселерге ерекше назар аудару керек:
әрбір оқушы компьютерінің техникалық жағдайын;
қолданбалы бағдарламалық құралдардың жұмыс жасау қабілеттілігі мен дайындығы.
Сабақтың ғылыми-теориялық деңгейі:
Ақпараттық әлем бейнесін қалыптастырудағы информатиканың ролі мен орны.
сабақтың білімдік, дамытушылық және тәрбиелік міндеттерінің мазмұнды анықтаудағы толымдылығы мен дұрыстылығы, атап айтқанда: оқушыларды ақпаратты беру, түрлендіру және қолдану туралы білімдермен қаруландыру; оқушыларды компьютерлік технологияны өзін-өзі дамытуға еркін, әрі тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру.
оқу материалдарының мазмұнын информатикадан білім стандартына сәйкес анықтау және оны оқыту әдістерін таңдау.
мектеп оқушыларының танымдық қабілетін дамытуды қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер:
оқу мақсатын қоя білуі;
танымдық міндеттер жүйесі;
оқушыларға мәселелық сұрақтар қою және оның дұрыстығын тексеру. Оқушылар жауаптарының дұрыстығын негіздеу.
Аталған әдіс-тәсілдерден оқушылардың компьютерді пайдалану арқылы ұжымдық және өзіндік жұмыстарының арасындағы қатынас айқындалады.
Сабақта түрлі білім көздерін пайдаланған тиімді, атап айтқанда: мектептік дәріс, түсіндіру, әңгімелесу, үйрету және бақылау сияқты бағдарламалық құралдарды, электрондық оқулықтарды қолдану, оқулықтар, компьютерлік технология курсы бойынша қосымша материалдар және т.б.
сабақтың көкейтестілігі. Басқа мектеп пәндеріне компьютерді пайдалану және ақпараттық қоғам жағдайына оларды даындау.
Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, компьютерді оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруға пайдалану:
оқушыларға ұсынылған өзіндік жұмыстардың мөлшері мен сипатының білімдік және дамытушылық сипатына талдау;
компьютерде оқушылардың өзіндік іс-әрекетінің түрлері мен тізбектілігі.
Мұғалімнің қосымша білім көздерін пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және танымдық белсенділігін дамытудың әдіс-тәсілдерін таңдауы.
Оқытудың компьютерлік технологиясын қолдану арқылы кері байланысты алудың әдістемесі, яғни компьютерде өзіндік жұмыстардың орнатылуы және оны талдау (мұғалім-оқушы-компьютер-оқушы; оқушы-компьютер-мұғалім-оқушы-мұғалім).
Достарыңызбен бөлісу: |