Информатиканы мектепте оќытудыњ жалпы мєселелері


Төменгі сыныпта жаңа ақпараттық технологияларды қолдану



бет11/16
Дата13.05.2020
өлшемі0,73 Mb.
#67748
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
КАНАТ ДИПЛом нов
rya 21, rya 40, 1863823, Проверьте себя. Тест, Aytbenowa-A-A-WEB-dizayn-negizderi-converted, 7 HTML, Маржан дипл, Задан-1-9 казМК, Задан-1-9 казМК, 13-15 апталарына тапсырма, 1.3. РОЛИ МЕН ОРНЫ2, Логика есеп, Логика есеп, жиын тест
2.3. Төменгі сыныпта жаңа ақпараттық технологияларды қолдану

Білім беру үрдісіндегі оқытудың ақпараттық технологияның орны мен мәнін бағалайтын үйлесімді зерттеулер бар.

Оқытудың ақпараттық технологияның анықтамаларын Л.В.Лдцевич, Е.И.Малибиц пен Н.Ф.Тальзина, Ж.А.Қараев, Е.В.Кирова т.б. мазмұндық талдау оның екі тәсілмен жинақталатынын көрсетті. Алғашқысында оны ақпараттық өнімдерді жасау, талдау, тасымалдау, сақтау және бейнелеуді аз шығынмен білдіретін түсінік және оқышының танымдық әрекеттері, заңдылықтарына сәйкес мәліметтерді өңдеу тәсілдері мен оқыту жүйесіне енгізілген жаңа құралдары арқылы ұйымдастырылатын дидактикалық процесс ретінде қарауды ұсынады. Екіншісінде ақпараттық технология басты орын алатын оқытудың анықталған техникалық ортасын құру туралы әңгіме етіледі. Сонымен біріншіде оқытудың ақпараттық технологиясы-оқыту әдісі, ал екіншісінде ақпараттық жабдықтарды оқыту процесінде пайдалану туралы болып отыр.

Бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі-оқушының оқу-танымдық әрекетін басқарудың негізгі бір буыны ақпараттық психологияны таңдау. Оқушы әрекеті-білім мазмұнын білуге ынтасы, құштарлығы және оны қабылдауы. Білім мазмұны оқушыларға негізінен оқулық немесе электрондық оқулық беріледі.

Оқушының ақпараттық сауаттылығы компьютердің қолданылу сферасын білуден басталады. Олар компьютерді іске қосып, бағдарламалар кітапханасынан керегін алып пайдалана білуге онымен мәтін жазуға, керек ақпаратты іздеп табуға, сурет салуда пайдалануға және т.б. үйренеді.

Ақпараттық технологияны пайдалану жағдайында танымдық әрекеттерді басқару дәстүрлі жағдайдан қызметтік деңгейде ерекшеленеді.

Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласында оқыту үрдісінде жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етуде. Электрондық байланыс жүйелері арқылы ақпарат алмасудың тиімділігі өркениетті елдердің іс-тәжірибелерінде айқын сезілуде. Республикамызда білім беру жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу басты мәселеге айналуда. Заман ағымына сай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылар мен теледидар, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Бұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдаумен қатар, түсінбей қалған сәттерін қайталап көруге, тыңдауға және алған мағлұматтарды нақтылауға мүмкіндік береді. Әсіресе, олардың тиімділігі:


  1. Қашықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы.

  2. Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі

  3. Экономикалық тиімділігі

  4. Білім сапасына әсері зор, әсіресе тіл сабақтарын игеруде айқын сезіледі.

  5. Іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйренуде

  6. Оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуде ықпалы зор.

Информатика пәні баланың техниканың құлағында ойнап отырған өз заманадастарынан кем болмау үшін қажет. Кез-келген пәнді үйрету үшін әдістемелік негіз бес компоненттен тұрады. Олар: мақсат, мазмұн, әдістер, керекті құрал-жабдықтар мен оқыту формасы. Информатика үшін қазір оқыту әдістерінің жолдары жаңаруда.

Төменгі сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей сараптауға болады.



  1. Компьютерлік сауат ашудың бастау негізі.

  2. Ойды логикалық түрде дамыту

  3. Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік.

  4. Компьютерді үйренудің бастаған кезде оңай жолдарын іздеу.

Бүгінде тәжірибе көрсеткендей бұл мәселені бастауыш сыныптардан бастаған жөн. Бастауыш сынып оқушысының алгоритмді ойлау стилі өз жасына сай информатиканы үйренуге өте қолайлы. Олардың психологиялық өзгерістері, іске іштей жоспар құра білуі рефлекс сияқты болып келіп, оқытуға жақсы жағдай туғызады.

Информатика қоғамда балаларды жұмыс істеуге дайындау үшін алдымен логикалық ойлауға, талдай білуге, өзара қарым-қатынасқа үйрету керек, баланың негізгі логикалық ойлауы 5-11 жаста қалыптасады.

Төменгі сыныптарда бала үшін-оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын және ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да тәрбиесіне де әсер етеді. Сонымен бірге әр түрлі педагогикалық мәселелерді шешуге көмектеседі, бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істей білуіне ой-өрісінің дамуына ең мүмкіндік туғызады. Оқушылардың компьютермен жұмыс жасауы көңіл-күйлерін көтеріп, қызығушылық қабілеттерін арттырады.

Егер информатиканы оқыту бастауыш сыныптан басталатын болса, онда міндетті түрде компьютерлік оқу орталарынан бастаған жөн.

Ақпараттық технологиялардың оқу-тәрбие үрдісінде қолданылуы мұғалімдердің де, оқушылардың да мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің барлық саласында жаңа ақпараттық технологияларды жоспарлы түрде енгізіп қамтамасыз ету.

Ақпараттық технология мен жүйелік кірігудің және жобалаудың негізгі міндеті- оқушыларды білімге, ізденушілікке баулу. Тәжірибелік жұмысты жүргізер алдында оқу үрдісінде қажетті барлық оқу әдістемесінің құжаттарын әдістердің мұғалім мен оқушының немесе оқушы мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынасты білім, дағды, ізденімпаз, жауапкершілік байқалады.

Қазіргі кезде информатика пәні бойынша ең үлкен мәселелердің бірі-информатика пәнін бастауыш сыныпта оқыту. Ең алдымен оқу үрдісін ақпараттандыру ғылыми тұрғыдан зерттемес бұрын, оны оқу үрдісінде қолданудың негізгі педагогикалық мақсаттарын анықтау керек.

Педагогика оқыту мақсаттары үш тобын ажыратады: білім беру, дамыту және тәрбиелеу. Білім беру мақсаттарын іске асыру нәтижесі оқушыларды екі негізгі топқа бөледі.


  • оқушыларды табиғат, қоғам, техника, мәдениет туралы негізгі ғылыми білімдермен қаруландыру.

  • Жалпы, әлеуметтік-пәндік және пәнаралық іскерліктер мен машықтарын топтастыру.

Тәрбие мақсаттыра да негізінен үш топқа бөлінеді:

1) тұлғаның рухани қасиеттерін қалыптастыру;

2) тұлғаны физикалық дамыту;

3) тұлғаны қоғамдағы өмірге даярлау. Көрсетілген мақсаттар оқыту үрдісін ақпараттандырудың басты бағыттарын анықтауға негіз болады. Ендеше ақпараттық оқыту технологиясы оқыту үрдісінде білім беру мен оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыру және педагогикалық технологиялар.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру.

Бүгінгі таңда мектептің білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет.

Мәселен, мектептерде әлі де болса компьютердің саны жеткіліксіз, барлық пән мұғалімдерінің бағдарламаларымен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет