2. ТӨМЕНГІ СЫНЫПТАРДА ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТҮРЛЕРІ
Төменгі сыныптарда информатиканы оқыту үрдісін ұйымдастыру төмендегі үрдістерге сүйене отырып жүргізіледі:
- информатиканы оқытуды ұйымдастыру;
- информатика сабағын ұйымдастырудың түрлері;
- қазіргі сабақ құрылымы;
- информатика сабағын талдау;
Информатиканы оқытуды ұйымдастыру.
Сабақ – информатикадан оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрлері.
Мектептегі барлық пәндер бойынша оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болып қалыптасты. Мектептегі сабақ сынып – сабақ жүйесінің негізін қалайды. Оның мынадай негізгі сипаттары бар.
Оқу топтарының құрамы.
Әр кластағы оқыту мазмұнын қатаң анықтау.
Оқу сабақтарының нақты белгіленген кестесі.
Оқушылардың жұмыстарының жекелей және бірлескен түрлерін
ұштастыру.
Мұғалімнің жетекші ролі.
Оқушылар жұмысын жүйелі тексеру және бағалау.
Чех халқының аса үздік педагогы Я.А.Коменскийден бастау алған класс – сабақ жүйесі бүгінгі күнге дейін мектепті құрылымдық ұйымдастырылудың негізі болып келеді. ХIX ғасырдың басынан бастап бүгінгі дәуірге дейін шетелдік тәсілдер жинақталды. Солардың ішінде Белльланкестрлік түрі, Мангейм жүйесі, Дальтон жоспары, Трамп жоспары сияқты түрлері бар. Ал информатика негіздерін оқыту дидактиканың қалыптасқан бай тәжірибелерін пайдаланады, әрі мазмұнын өзінің ерекшеліктерімен толықтырады.
Дидактика сабақ типтерін жүйелеуде әртүрлі айырым белгілері пайдаланылады. Сабақтың ең басты белгісі – оның дидактикалық мақсаты. Ал дидактикалық мақсаты-оқушының алға қойған жоспарын көрсетеді. Соған сәйкес дидактикада сабақтың мынадай түрлері бар:
1) жаңа сабақ ( хабарлар айту,түсіндіру сабағы):
2) оқушылардың шеберліктерін және дағдыларын дамыту,бекіту
сабағы(жаттығу сабағы):
3) оқушылардың білімін,шеберлігін және дағдыларын тексеру сабағы.
Информатикадан өтілетін сабақтардың өзіндік дидактикалық ерекшеліктері бар. Егер информатика курсы орта мектепке міндетті пән ретінде енгізілгеннен бері қалыптасқан тәжірибелерге тоқталатын болсақ, М.П.Лапчик информатика курсы бойынша өтілетін сабақтарды компьютерді қолдану мөлшеріне қарай үш түрге бөледі: демонстрация, фронтальді лабораториялық жұмыс және практикум.
Информатика курсы бойынша оқу сабақтарын топтау.
Сабақ - оқу бағдарламасында білім көлемін беру,негізгі іскерліктерді қалыптастыру, оқулықпен, анықтамалық әдебиеттермен және т.б. жұмыс істеу, бақылау жүргізу, қорытынды жасау.Есептер шығару.
Дәріс (теориялық оқыту) - қандайда бір проблема бойынша ұғымды беру, тақырып немесе тарау бойынша білімді қорытындылап, жүйелеу, дәріс жазу, жоғарғы оқу орнындағы оқу түрінде дайындау іскерлігін қалыптастыру.
Семинар(теориялық оқыту) - өтілген тақырып, бөлім бойынша білімді жалпылап, жүйелеу, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу іскерлігін жетілдіру, әртүрлі әдебиеттермен мақалалардағы баяндаған материалдарды салыстыра білу, өзінің көзқарасын айта білу және негіздей білу іскерлігі, реферат, тезис, баяндамалар жоспарын және хабарламалар жазу, оқығанды конспектілеу, көшірме жасау және оны өзінің білімін дәлелдеу үшін пайдалану.
Конференция - өтілген материалдар бойынша білімді тереңдетіп, кеңейту, қосымша ақпарат көздерімен жұмыс істей білу іскерлігін дамыту. Оқыған материалы жөнінде баяндама немесе хабарлама жасау, қосымша әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әңгімелесу(теориялық оқыту)-негізгі оқу материалынан нені меңгергенін анықтау,біліміндегі олқылықтарды ашу және түзетулер енгізу,пән бойынша өз бетімен жүйелі жұмыс істеуге жетелеу.
Консультация (теориялық оқыту) – білім мен іскерліктеріндегі олқылықтарды жою,меңгерілген білімін нақтылау,оқу үрдісінде пайда болған сұрақтарға жауап беру,оқу іс-әрекетінің әр түрін меғгеруге көмек беру.
Фронтальдық лабораториялық жұмыс-оқушылардың бағдарламалық қамтамасыз етумен жұмыс істей білу іскерлігін қалыптастыру(жаңа материалды меңгеру,бекіту,меңгерілген материалды тексеру), жеңіл есептерді орындау, өз бетімен эксперимент нәтижелерін тіркеп,оның қорытындысын тұжырымдау.
Достарыңызбен бөлісу: |