Информатиканы мектепте оќытудыњ жалпы мєселелері


Төменгі сыныпта деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану



бет10/16
Дата13.05.2020
өлшемі0,73 Mb.
#67748
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
КАНАТ ДИПЛом нов

2.2. Төменгі сыныпта деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану

Бұл технологияның мақсаты-өздігімен білім алып дамытуға ұмтылатын жеке тұлғаның қалыптасуына жағдай жасау, сондықтан оның өзіндік танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің (мазмұн, әдіс, оқыту түрі мен құралдарының, оқушының іс-әрекеті, мұғалімнің шеберлігі, нәтиже) олардың өзара байланыстағы қалыптасуы мен өзгерулерін талап етеді.

Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы» жүйелеп мектеп оқу үрдісінде қолданылуы Ж.У. Кобдикованың жетекшілігімен іске сауда.

Қазақстан Республикасы білім беруді реформалаудың ізгілендірудің ұстанымдары және В. П. Беспалько, Л. С. Выгодский, С. Л. Рубинштейн, Б. Блум сияқты көрнекті педагог-ғалымдардың тұжырымдамаларын

методологиялық негізі ретінде қарастырылып құрылған Ж.А. Қараев пен Ж.У. Кобдикованың «Деңгейлеп саралап оқыту» технологияларының артықшылығы:


  1. Тақырып бойынша модуль құру мұғалімдерге қиындық түсірмейді. Себебі күнтізбе бойынша әр бақылауға дейінгі (5-7 сабақ) материал бір модуль.

  2. Әр сабақтың үш кезеңнен тұруы, мұғалімдер үшін қолайлы, оқулық бойынша өтіледі, тек жаңалығы өзіндік жұмыс, қатемен жұмыс және бақылау мұғалімнің шеберлігін ұштайды.

  3. Сабақтың әр кезеңінде мұғалім өз іс-тәжірибесін, түрлі танымдық ойындарды еркін пайдалана алады.

  4. Оқушы өз білімін өзі бағалауға, күнделікті өз еңбегінің жемісін көруге мүмкіндігі бар.

  5. Оқушылардың өздерінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне қарай әр түрлі соңғы мақсатқа жетулерін іске асыруға көмектеседі.

Қазіргі уақытта мұғалімдер оқушылар бойында сабақ барсында оқуға деген қызығушылық деңгейінің төмендеуімен, өз бетінше жұмыс істеудеге салғырттық, тіпті оқуға деген қызығушылықтары болмаумен байланыста проблемаларға тап болуда. Балалардың оқуға деген қызығушылықтың жойылуының бірден-бір себептерінің бастысы, әсіресе, сабақтардың бірсарынды өтуі болып табылады. Күнделікті ізденіссіздік сабақ беруде бірсарындыққа әкеп соғады, ал бұл бірқалыптылық өз негізінде баланың бойындағы қызығушылықтың жойылуына басты себеп болады. Тек сабақты ұйымдастыруға шығармашылық түрғыдан келу, оның қайталанбастығы, мысалдардың, әдістрдің және ұйымдастыру формаларының әр түрлілігі ғана тиімділікті арттырады. Оқушының танымдық деңгейін арттырудың көптеген тәсілдері бар. Олардың бірі бұл оқушылардың танымдық деңгейін арттыру мен олардың назарын аудартуға көмектесетін видеофильмдер мен мультимедия технологияларды қолдану.

Білім беру орындарында практикалық жұмыстарына қарқынды түрде ақпаратты экрандық түрде ұсынудың жаңа бастауларының енуі видеоәдісті бір бөлек оөыту әдісі ретінде ерекшелеп алуға мүмкіндік береді. Видеоәдісті білімді ұсыну үшін, бақылауды, тұрақтандыруды, қайталауды, жалпылауды ұйымдастырда қодануға болады, ол барлық дидактикалық функцияларды орындайды. Бұл әдіс ақпарратты көрнекі түрде қабылдау негізіне сүйенеді. Берілген әдістің оқыту және тәрбиелеу функциясы көрнекі сұлбалардың жоғары тиімділіктігіне негізделеді. Қөрнекі түрде ұсынылған ақпарат қабылдауға жеңіл және бала зердесінде жақсы, әрі жылдам сақталады.

Білім беру процесінде видеоәдісті қолданы мынадай мүмкіндіктер береді:


  • Оқушыларға зерттелетін құбылыс және процесс туралы толық, әрі ақиқат ақпарат беру;

  • білім беру процесіндегі көрнкекіліктің маңыздылығын арттыру;

  • оқушылардың сұраныстары мен қызығушылықтарын қанағаттандыру;

  • мұғалімнің техникалық жұмысының білімді басқару мен коррекциялаумен байланысты бір бөлігінен босату;

  • тиімді кері байланысты орнықтыру;

  • толық, әрі жүйелі басқаруды, үлгірімді объективті түрде тіркеуді ұйымдастыру.

Видео әдістің көмегімен көптеген дидактикалық және тәрбилеу алғы шарттары шешіледі. Ол мына жағдайларда әсіресе тиімді:

    1. жаңа материалды түсіндіруде;

    2. күрделі механизмдердің, процестердің, графикалық моледьдердің әрекеттер принципінің динамикасын түсіндіруде;

    3. ауқымды жұмыстық процестерді бақылауда;

    4. видеоқұжаттарды ұсыну, өмірмен байланысты күшейтуде;

    5. құрылғының ішкі бөлігінде іске асатын жасырын процестерді бақылауда;

    6. оқу-жаттығушылық және зерттеу жұмыстары үшін мәліметтер қорын құруда;

    7. білім беру процесін рационализациялау, оның өнімділігін арттыру, ғылыми ақпартатты тасымалдау және қабылдаудың оптималды көлемін педагогикалық басқару сапасын арттыру жолымен қамтамасыздандыруда.

Берілген әдістің тиімділігі видеоұсынымның сапасы мен қоланылған техникалық құралға тура тәуелді болады. Видеоәдіс оқыту процесін ұйымдастыруына үлкен талаптар қояды, ол өзінің айқындығымен, ойластырылғандығымен және мақсаттығымен ерекшеленуі тиіс. Видеоәдісті қолданушы ұстазадан зерттелетін проблема шеңберіне оқушыларды ендірудің, олардың әдекеттерін бағыттай отырып, жалпылама шешімдер алуының, жекедара көмек көрсетудің жоғары іскерлігі таолап етіледі.

Заман талабына сай мультимедия-технологияларын информатиканы оқытуда қолдану зерттеліп жатқан бағдарламалық қамсыздандырудың мүмкндіктерін көрнекі түрде беруге мүмкіндік береді, сонымен қатар слайд-презентациялардың көмегімен оқытудың тиімділігі мен мотивациялығын арттыруға көмектеседі. Қазіргі уақытта ақпараттық технологияларды қолдану білім беру мазмұнына, формасы мен әдістеріне үлкен ықпалын тигізіп жатқан фактісін ешкім жоққа шығара алмайды. Мектептегі білім беруде мультимедиялық технологиялар өз тиімділігін дәлелдей алды. Оқыту ақпараттарын интерактивтілікпен үйлестіре әр түрлі көркем ұсыну мүмкіндігімен қоса, мультимедия жаңа сапалы білім беру деңгейімен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар компьютерлердің техникалық құралдарының дамуымен бірге мультимедиялық ортаның визуальді ұйымдастырылуы да өзгере түседі. Үш деңгейлі графиканы қолдану мүмкіндігі дәстүрлі кітап метафорасын жүзеге асыратын гипермәтінді беттерден тұратын электронды оқулықтардан «жаңа» әлем метафорасының негізінде ұйымдастырылған интерактивті білім беру ортасына көшу мүмкіндігін береді. Енді экран мониторы оқушы үшін жаңа үш деңгейлі білім әлеміне терезе есебінде қабылданатын болады, ондағы нақты объектілердің сұлбалары виртуальды модельдермен қатар әрекет етеді. Оқушыларды оқытуда қазіргі заман ақпараттық технологияларды қолданудың негізгі шарттары мыналар: компьютерді заман талабына сай оқыту құралы есебінде пайдалану; компьютермен интерактивті сұхбатқа оқушылардың мұғаліммен әрекеттесуде мүшелік қосылу; ақпаратттық технологияларды қоладануда оқушылардың өзбетімен білім алу ролін арттыру. Білім беру процесін оптимизациялау қазіргі уақыт ақпараттық технологиялар шарттарында бағдарламалы-шығармашылық проектерін қолдануға негізделуі мүмкін.



  1. Шығармашылық проектіні құру дегеніміз оқушылардың жаңа, тиімді, бәсекеге қабілетті, адамның талабына сай және сатып алушылар жағынан сұранысқа ие өзбетімен орындайтын жұмыс. Проектіні орындау танымдық және тәрбиелік функциялардың, шығармашылық мүмкіндіктерінің, логикалық ойлаудың айтуына, политехникалық білім,білік пен дағдының тереңдетілуі мен пысықтауға өз ықпалын тигізеді. Оқушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптасытыру олардың бойында танымдық әрекетті дамыуға бағытталады.

Білім беру саласында мультимедиялық технологияларды қолдану дәстүрлі технологияларға қарағанда төмендегідей артықшылықтарға ие:

    • түрлі түсті графиканы, анимацияны, дыбыспен көркемдеу, гипермәтінді қолануға болады;

    • тұрақты түрде жаңартулар енгізу мүмкіндігін береді;

    • баспаға шығару мен көбейтуде аз мөлшердегі шығындарды қажет етеді;

    • оның ішіне интерактивті веб-элементтерді, мысалы, мәтіндер немес жұмыс дәптерлерді орналастыру мүмкіндігін береді;

    • көптеген гиперсілтемелер арқасында материалды сызықты түрде қарастырмауға болады;

    • цитаталау мақсатында көшіру немесе орынауыстыру мүмкіндігін береді;

    • электронды кітапханалар мен оқыту сайттарындағы қосымша әдебиеттермен гипер байланыс орнату мүмкіндігін береді.

Мультимедия оқушының білім алудағы мақсаттылығын бағыттауға алғышарт болатын вербальді және көрнекі-сезімдік ақпаратты қатар ұсына алады. Мультимедия компьютерлік технологияларын қолдану арқылы оқу материалын баяндау аудиториялық сабақтар әр оқушыға түсінікті болып қана қоймай, сонымен қатар уақытты үнемдеу мүмкіндігін береді. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстар мен заңдылықтарды табуға игертіп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарын қалыптастыруына жол ашуы керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағындағы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагоикалық технологиялардың тиімділігі жоғары. Қазіргі білім беру барысына мультимедиялық технологияларды енгізу бірқатар жақсы жақтарымен көрінуде, алайда бірнеше қиындықтар да кездесіп жатады. Бір жағынан алып қарасақ арнайы проектордың көмегімен мультимедия-технологияны қолдану арқылы өтілетін сабақтар зерттетілетін бағдарламалық қамсыздандыру мүмкіндіктерін көрнекі түрде көрсетуде уақытты үнемдеп, сол арқылы оқу материалын мазмұндауды жеңілдетсе, келесі жағынан мультимедиялық материалдарды дайындауға және сабақты ұйымдастыруға қосымша талаптар жүктейді.

Ақпараттық мультимедиялық технологияларды ендіру оқыту процесін технологиялық және нәтижелік жағын арттырады. Әрине бұнда да түрлі қиындықтар мен қателіктер кездеседі және оларды болашақта да орғытып өту мүмкін емес. Бірақ ең басты жетістік бар – бұл оқушылардың қызығушылығы, олардың шығармашылыққа дайын болулары, жаңа білім алуға деген құлшыныстары мен өзбетіндікті сезінулері. Компьютер әр сабақты өзгеше ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осы тұрақты жаңашылықты сезу оқуға деген қызығушылықтың кепілі бола алады.

Сабақта мультимедиялық технология арқылы ақпараттың интерактивтілігі, құрылымдығы және визуализациялығының арқасында оқушының мотивациялығының күшеюі мен оның сезім және ішкі сана-сезім деңгейіндегі танымдық әрекеттігінің ұлғая түсуіне жол ашады.

Ақпараттық арналардың ішіндегі визуальділік – бұл ең күштісі, сондықтан оның оқыту саласында мультимедиялық құралдар арқылы қолдану одан әрі дамытылуда. Бірақ бұл басқа медиялардың маңыздылығы мен мәндігін жоққа шығара алмайды. Мысалы, оптимальды дыбыстық сүймелдеуді таңдау көмегімен әр мультимедиялық оқулық үшін өзіндік бір ырғақтық доминантты құру материалды қабылдаудың тиімділігін ауыз толтырып айтатындықтай деңгейде көтереді. Басқа медиялармен байланыса мультимедиялық оқулықтарда пернетақта мен тышқанның ойластырылған өзара әрекеттестігі берілген білім беру технологиясының артықшылығын көрсетеді. Ол мануальдық жаттығулар есте сақтауды еселей түсуіне негізделген. Контурлық карталарды салдырту кездейсоқтық емес – ол қолды жаттықтырады және жақсы есте сақтауға көмектеседі, мануалдық жаттығулар да осы ұстанымға негізделеді.

Авторлық сана-сезімнің индивидуальдық туындылары (мәтін, сурет, дыбыстық рет, видео) жаңа бір жүйе құрайды. Сценариді құру (өнімнің мақсаттық беталысына сәйкес одан күтілетін барлық функциональдық мүмкіндіктерін есептеу) барысында бір-бірімен әрекеттесуде олар дербестігін, өзбетінділігін жоғалтады. Мультимедиялық шығарма осы өзара әрекеттесуде бөлек-бөлек алынғаншығармаларды кездеспейтін қасиеттерге ие болады. Себебі ғылымда (лингвистика, өнертану және т.б.) ақпараттың бейнеленуінің осы бір бөлек формалары бойынша мәліметтер жинақталған, ал мультимедиялық ортаның қасиеттері енді ғана зерттелуде. Яғни, мультимедияның қолданылуының тиімділігі оқытудың алдына қойылып отырған қандайда бір мақсатына байланысты – бірдеңені үйрету, бірдеңемен жұмыс істеу білігін қалыптастыру.

Әрине, мультимедиялық технологиялар білім беру процесін қанықтыра түседі, оқушының көптеген сезімдік компонентерін қабылдау процесіне тарту арқылы оқытуды барынша тиімді етеді. Г.Кирмайердің зерттеулер бойынша оқыту процесінде интерактивті мультимедиялық технологияларды қолдануда меңгерілген материалдың бөлігі 75%-ды құрады. Мүмкін бұл тек оптимистік бағалау ғана шығар, бірақ қабылдау процесінде визуальды, әрі дыбыстық құраушыларының қатар жүруі оқу материалын меңгеруді арттырудағы тиімділігі компьютер пайда боламай тұрғанның өзінде-ақ белгілі болған. Мультимедиялық технологиялар оқыту көрнекіліктерін статистикалықтан динамикалыққа түрлендірді, яғни зерттелетін процестерді уақыт өлшемінде анықтауға мүмкіндік туды. Уақыт өлшемінде дамитын процестерді модельдеу, осы процестердің өлшемдерін интерактивті түрде ауыстыру мультимудиялық оқыту жүйелерінің маңызды дидактикалық басымдылығы болып табылады.

Мультимедиялық технологияларды қолдану тәжірижесі мынаны көрсетті:


  • оқушылардың жұмысқа деген қызығушылығы мен олардың активтілігі бірден арттыруы;

  • алгоритмдік ойлау стилі дамиды, оптимальды шешім қабылдау білігі мен вариативті әрекет ету қалыптасады;

  • мұғалім көптеген жұмыстардан босайды, алынған нәтижелер негізінде шығармашылықпен айналысу мүмкіндігі туады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет