Информатиканы мектепте оќытудыњ жалпы мєселелері


Бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолданудың қазіргі жағдайы



бет12/16
Дата13.05.2020
өлшемі0,73 Mb.
#67748
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
КАНАТ ДИПЛом нов

2.4 Бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолданудың қазіргі жағдайы

Бастауыш мектептерде оқудың сипаттық ерекшелігі болып, оқушы алғашқы күннен бастап меңгеруге кірісетін ақпарат көлемінің күрт өсуі саналады. Бұл олардың көпшілігінде ақпаратты саналау мен есте сақтау едәуір қиындықтар туғызады. Өйткені, бастауыш мектеп оқушыларында –жағдайға бейімделу барысы мүлдем баяу, ал меңгеретін ақпарат тез ұлғаюда. Сондықтан да осы кезеңдегі педогогика ғылымының ең бір мәселесі оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру есебінен, материялды меңгерудің жалпы уақытын қысқарту, оқу үрдісіне жаңа көзқарас, «мектеп пәнінің » кіретін әрбәр ғылым пәнінің «моделін» балалардың оқу жүйесінде құралған мәселесына алдын алғы әзірліктер жасау (В.В.Давыдов). Оқушылар ақпарат тасқынының салмағын қалыпты көтеру үшін, оларды ақтық әрекетінің: заңдылықты іздеу, ұқсастық бойынша ойлау, объект арасындағы иерархиялық тәуелділікті табу, теңеу, жалпыны жалпыны тауып, жекені ажырату, логикалық тұжырым құру секілді әдіс-тәсілдеріне баулыған жөн. Логикалық тапсырмаларды шешу үшін бастауыш мектеп тәжірибесінде компьютерлік технология да табыспен қолданылып келеді.

Мектеп жасындағы кішкентайлардың дамуы үшін компьютерді қолдану бұрыннан белгілі мысалының бірі, Массачусест технололгиялық институты (АҚШ) С.Пейперт жұмысы болып саналады. Оның басшылығымен 1986 жылы Ж. Пиаженің теориялық концепциясы негізінде балалардың интелектуалдық қыбілетін дамыту бойынша, соның ішінде мектеп жасындағы және мектепке дейінгі балаларды да қоса, зерттеу жүргізілді.Жұмыс негізінде екі идея алынды: 1)интеллектуалдық дамудағы маңызды өзгеріс, тек мәдениеттілікті өзгерту арқылы ғана мүмкін; 2) мәдениеттілікті неғұрлым жедел өзгертетін жақын арақашықтық, неғұрлым сенімді жол компьютерді мектеп тәжірибесінде жедел қарқынмен қолданысқа енгізу. Осы зерттеулердің бірінің нәтижесі – балалар үшін ЛОГО бағдарламасының арнайы тілін түзу болды. Қазір бұл әлемдепедагогикалық практикада кеңінен қолданыс тауып, біздің елімізде де барған сайын кең таралып отыр (ЛОГО негізінде кейінірек ЛЕГО технологиясы түзіліп, оың негізінде – балалар конструкторы жатқызылды).

Бізге белгілі басқа да экспериментті зерттеулер 1980 жылы адам ресурстары жөніндегі ғылыми-зерттеу ұйымы мен Моптгомери (АҚШ, Мэриленд штаты округы мұғалімдері мен әкімшілігі бірлесіп жүргізген жұмыс. Онда 165 бастауыш толық емес орта және толық орта мектептің оқушылары қатысты. Эксперимент үрдісі кезінде мынадай әрекеттер болды: «біріншіден, әр түрлі мақсатта қойылған тапсырмалар қай сыныптарда табыспен жүруі мүмкіндігін анықтау, екіншіден компьютермен жұмыс істеуі шектеулі және информатика мен есептеуіш техникадан әзірлігі өте төмен мұғалімдермен қол жеткізген табыстарын бағалаған болатын». Осы зерттеулердің нәтижелері кейіннен АҚШ-тың басқа штаттарында қайталанып, мектептердің тәжірибесіне енгізілді.

Ақпараттық технологияның қаулап өсуі мен ақпараттық қоғамның қалыптасуы, өркениетті елдердегі сияқты біздің республикамызда да ақпараттық мәдениетті қалыптастыру талабы туындады. Осыған орай, енді тек оқушылардың қазіргі заманға компьютерлік технологияны меңгеруі ғана емес, өмірге жаңа көзқарас, ойлау стилін қалыптастыру, жаңа қоғамның адекватты талаптары туындады.

Біздің қоғамды ақпараттандыру концепциясына сәйкес, информатиканы оқытудың бастапқы базалық кезеңін оныншы сыныптан жетінші сыныпқа түсірді. Бұлай ету себебі, бұл мектеп білімін ақпарттандырудан бөлек, информатикалық білім мен іскерлікті басқа да оқулық пәндерінде, бұрынғыдан ерте кезеңде кең әрі ұтымды пайдалану мақсатында көздеді. Біріншіден, осы жастағы балаларды информатикаға оқытудың оң тәжірибесі біздің республикамызда да, шет елдерде де дамыды. Екіншіден, информатика-ойлауды дамыту, оқушыларда ғылыми өмірлік көзқарас қалыптастыру үшін оқыту тап осы жастағы топтарда барынша игі жемісін беріп отырғаны белгілі болды.

Ақпарат технологияны ерте жастан оқыту үшін пропедевтикалық кезең (1-6-сыныптарда) ұсынылады. Оның негізгі міндеті-оқушыларды компьютермен алғашқы таныстыру, оқулық ойындық бағдарламаларды, қарапайым компьютерлік тренажерды пайдалану үрдісінде ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтерін қалыптастыру. Бұл міндеттерді шешу-жоғарғы сынып оқушыларын алдағы уақыттарда компьютерді қолдану деңгейін терендете, келесі табыстарға қол жеткізудің алғашқы әзірлік-дайындықтарын жасауға мүмкіндік береді, оларды жаңа ақпараттық қоғам өміріне дайындайды.

Осылайша, информатиканы оқытудың базалық бастапқы кезеңін оныншы жетінші сыныпқа ауыстыру мен бастауыш сыныптардың оқу үрдісін дайындық кезеңді ендіру, қазіргі қолданыстағы білім жүйесін толықтыру қажеттігін, оны уақыт талабына сай адаптациядан өткізу қажеттігін мойындаудың белгісі. Мұндай «төмен сырғу» (пәнді неғұрлым кіші сыныптарда оқыту) білім саласында жиі болып тұрады және оны жетілдіру әдістерінің бірі болып саналады. Информатиканы бастауыш мектептерде жаппай оқыту, меңгеріп үлгірілген компьютерлік оқыту технологиясын қолдану, отандық мектептің мүмкіндігіне орай жаңасын жасау актуальды мәселенің біріне айналып келеді.

Бүгінгі күндері бастауыш сыныптарды компьютерлік технологиямен оқыту Ресейдің әр түрлі аймақтарында жүйелі түрде жүзеге асуда, оқушының ой-өрісін жетілдірумен қатар кейбір жеке пәндерді оқыту информатиканың теориялық негізін алгоритмдерді игеру және бағдарлама жасау құралы ретінде кеңінен пайдаланылуда. Солардың ішінегі неғұрлым белгісі мен сынақтан өткенін белгілеп, РФ білім министірлігі ұсынып, бастауыш мектептегі «КИД-Малыш», «Роботландия»,»Ақпараттық мәдениет», «Информатика ойындары мен есептер» бағдарламалық - әдіскерлік жүйесі жұмыс істейді. Бұл бағдарламаның көпшілігін тек Ресейде ғана емес, көптеген шет елдерде де, осының ішінде АҚШ–та, Ұлыбританияда, Францияда, Финляндияда, Балтика елдерінде пайдалана алатын болды. Осы ойындардың көпшілігі «Информатикалық мәдениет», «Информатика ойындары мен есептер» курстарында ендірілді. Ал курстың негізгі міндеті – оқушының операциялық ойнау стилін қалыптастыру, өз қызметін жоспарлай алу қабілеті, түрлі информатикалық моделдерді жобалап құру, қазіргі заманға техникалық құралды өмірде, тұрмыста, шығармашылықты, өндірісте қолдану. Курстың бастауыш мектеп үшін сипаты ерекшелігі – пән аралық, информатикалық байланыстарда тілді және математиканы оқыту барысында пайдалану. Осы тапсырманы орындау үшін курсты 1-3 сыныптарда басқада пәндерді беретін мұғалім (сынып жетекшісі) жүргізуге тиіс. Сондықтан да мұғалім жан-жақты әрі терең әдіскерлік оқулықтармен жабдықталған дұрыс.

Бірінші сынып үшін курстың негізгі мазмұны: клавиатура мен манипулятор «Тышқанмен» жұмыс істеуді үйрену, тура және кері санаққа, сағат құрамына және қарапайым арифметикаға жаттығу әріппен, буынмен және сөздік жұмыс істеу негізінде жаттығу. Мұғалім оқулығынан өзге, оқушы үшін «компьютер-сенің досың» атты бояу – кітапша да бар.

Екінші сыныптың мазмұны алғаш рет көптеген заңдылықтар мен қағида: жиын туралы түсінік, классификация және құрастыру (конструкциялау) туралы мағлұмат береді. Оқушы үшін «Санақшы, тапқышы, есте сақтағыш» атты жаттығулар, соны, ішінде қаперді де ұштайтын есеп кітапшасы қаралған.

Үшінші сыныпта қаралып талқыланатын мәселе, команда және алгоритм ұғымдары. Оқушы үшін арнайы оқу кітабы қарастырылған.

Төртінші сыныптағы негізгі мазмұн-заңдылықтарды тану мен алгоритмдерді зерттеу, құрама (комбинаторлық) тапсырманы шешу, орындаушыларды үйрету. Оқушылар үшін оқулық кітап шығарылатын болды.

Қарастырылған бастауыш мектепке арналған компьютерлік технология талдауынан байқалғандай, қалыптасқан оқу мазмұны көзқарас тұрғысынан екі компонентті бөліп қарауды қажет етеді. Олардың біріншісі – информатика түп мақсаты оқушылардың ойлау қызметінің құрамын жасауға жалпы көзқарасын қалаптастыру болып саналатын, адам мен қоғам өміріндегі информатикалық үрдістердің маңызын ұғыну, информатикалық технологияны машықтық қабілетін дамытушы құрал ретінде оқып-үйрену қажет. Оқушының екінші компоненті: оқушылардың олар мектеп пәндерін математиканы, тіл сауаттылығын, жаратылыстануды және т.б. «Оқу қызметінде жаңа технологияны пайдалану» болып саналады. Осы екі компоненттің екеуі де қоғамның қазіргі талабына жауап береді және білім саласын ақпараттандыруды, ақпарат бойынша білім стандартының талабына жауап беретін ақпараттың мәдениеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Компьютерлік технологияны мектепте қолданудың актуальды бола түсуі оларды мектептегі пәндерді оқытқанда пайдалануда болып отыр. Осылайша, информатиканы оқыту мақсатын түсінуге жаңа көзқарас қалыптастыру оның жалпы білімді меңгерушілік функциясын, оның оқудың жалпы мәселесін шешуді әлеуметтік мүмкіндіктерін, оқушыларды тәрбиелеу мен дамыту қасиеттерін басқару мен байланысты.

Қорыта келгенде, бастауыш мектепте компьютерлік технологияны қолдану ырысына жасалған талдау төмендегідей тұжырым жасауға мәжбүрлейді:



  1. Қазіргі заманғы компьютерлердің технологиялық мүмкіндіктері, балаларды мектепке дейінгі жастан бастап, компьютерге ойын құралы ретінде үлкен қызығушылықпен қарап, олардың сапалы оқуы мен дамуына толық мүмкіндік береді;

  2. Қазіргі уақытта шетел және отандық мектептерде компьютерлік технологияны бастауыш мектептерде пайдалану ауқымының кеңейе түсу үрдісі байқалады. Жаңа бағдарламалық-педогогикалық жүйелер жасалуда, компьютермен жұмыс істеудің санитарлық-гигиеналық нормалары анықталып, үй және қашықтан салу тәсілінде жаңа мүмкіндіктер ашылуда;

  3. Оқу мазмұнының қолданбалы компонентінің рөлі артып келеді. Негізгі пәнаралық белсенді байланастарға негізделген теориялық біліммен салыстырған негізінен информатиканы ғылым ретінде оқытуға бағытталған;



  4. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет