3. Эксперименттік бөлім.
ҚР Үкіметі 2004 жылдың 24 ақпанында мақұлдаған Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының негізгі міндеттерінің бірі оқушылардың ақпараттық дайындығын жетілдіру болып табылады. Сондықтан да бастауыш сыныптарында информатка пәнін оқыту оқушылардың ақпараттық мәдениеттің негізі болып саналатын коммуникация мен түсініктердің және ойлаудың математикалық негіздерін меңгертеді. Бастауыш сыныптарда информатиканы оқыту алдына мынадай тапсырма қояды балалардың операциялық ойлау қабілетін ерте бастан қалыптастыру, балаларды компъютерде жұмыс істеудің негіздерімен, қамтамасыздандырумен таныстыру, бағдарламалық қамтамасыздандырумен, компьютердің негізгі бөліктерімен, бағдарламалау ұғымы, тілдің негізгі құрылымдарымен, оқушылардың коммуникативтік ойлау қаблеті мен шығармашылыққа белсенділігін арттыру; әлемдік компьютерлік жүйе-интернетпен таныстырып игерту.
Негізгі талаптардың бірі: балаларға сөздік алгоритм құрғызуды үйрету, логикалық ойындар негізінде ойлау қабілетін дамыту. Бұл мақсатта толып жатқан тапсырма, жаттығу, ойындар әзірленген. Математика, ана тілі, қазақ тілі, орыс тілі, сурет, ағылшын сияқты пәндермен өте тығыз байланыста жұмыс істеу негізгі талаптардың бірі болып отыр.
Оқушылардың біліміне және іскерлігіне қойылатын талаптар:
дербес компьютермен жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігінің ережелерін сақтау;
бағдарламалық қамтамасыздандыру туралы хабардар болу, компьютер бөліктерін білу;
алгоритм ұғымының негізін, оның негізгі қасиеттерін білу;
блок-схема құрудың негізгі конструкцияларын білу;
текстік және графикалық редакторлармен жұмыс істеудің негізін білу;
системалық және графикалық операторларды білу;
оқушылар білу керек:
пернетақтамен жұмыс істеуді;
текстік редакторда еркін жұмыс жасау;
бағдарламаларды іске қосып және сөндіруді;
графикалық редакторда еркін жұмыс жасап, сурет салу, көшірмесін алу, объектілерді өшіруді;
логикалық есептерді шешуді, сөздік алгоритм құру;
үйретуші және ойын бағдарламаларымен дұрыс жұмыс жасауды;
компьютерді өз бетінше қосып әрі ажыратуды;
жаңа бумалар ашуды және өзгерістерді сақтауды.
Төменгі сыныптардағы «Информатика» пәні бойынша күнтізбелік жоспар үлгілері
Достарыңызбен бөлісу: |