Есте сақтайтын сөздер Ұлттық спорт ойындары
Бәйге
Аламан бәйге
Ойлы-қырлы
Жергілікті халық
Мықты да жылдам
1-жаттығу.Берілген сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Таң ата жау шабуылға шықты. Шабуыл тағы тойтарылып тасталды.
Түс кезінде батальон командирі Гундилович бізге байланысты - сын жіберді. Ол комаңдирдің бұйрығын жеткізді. Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті. Күн кешкірген кезде "Бородиноға" генерал Чистяков пен полковник Капров келді. Оларға Гундилович болған жағдайды баяңдады.
2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден тура және жанама толықтауыштарды табыңыз. Онымен бірге ыстық от-жалын толқыны ғаламат екпін-күшпен тарап жатты. Көрінбейтін сәуле-радиация да жан-жаққа тарап жатты. Осы өңірде қырық жыл бойы болған апаттың көлемін есептеу мүмкін емес. Табиғаттың бүлінгені, жан-жануарлар дүниесі мен халық шаруашылығына қаншама залал келтірілгенін былай қойғанда, сол жердің халқына қанша қайғы әкелді. Адамзатты қыруға, адам баласы жасаған байлықты жоюға арналған мұндай жойқын қарулардың қарапайым халыққа еш керекгі жоқ. Қазақстан жерінде шаруашылық мақсатқа деп те кіші жарылыстар жасалып тұрған.