Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары және инклюзивті білім беру моделі. Инклюзивті білім беру принциптері


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы



бет2/9
Дата07.09.2023
өлшемі78,39 Kb.
#180426
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1.1-ресурс- 1 практикумға үшін

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
Инклюзивті білім беру – ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке дара мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін процесс.

Инклюзивті мәдениет инклюзивті білім берудің негізгі үш аспектісінің - инклюзивті саясатты әзірлеу, инклюзивті мәдениетті дамыту, инклюзивті практиканы жүзеге асырудың маңызды құрамдас бөлігі болып саналады.



1.1-сурет. Инклюзияның үш аспектісі


Инклюзивті саясатты әзірлеу:

  • барлығына арналған колледжді дамыту,

  • әртүрлілікті қолдау.

Инклюзивті саясатты дамыту барлық білім алушыларды қамтуға тырысатын және барлық білім алушыларға арналған тиімді инклюзивті бағдарламасы бар колледжді құруға әкеледі. Колледж ғимаратты барлық балалардың қажеттіліктеріне бейімдейді. Колледжде енгізілген бағалау жүйесі барлық білім алушылардың нәтижелерін адекватты бағалайды. Педагог кадрларды үздіксіз оқыту білім алушылар арасындағы айырмашылық негізінде жүргізіледі. Колледждің ресурстары біркелкі бөлінеді және колледждің өзіндік стратегиясы арқылы ата-аналар балалардың білім беру процесінің серіктесі болып табылады. Колледж деңгейіндегі қосымша қызметтер (психологтың, логопедтің, көмекші педагогтің және т.б. болуы) барлық білім алушылардың қамтылуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, колледжді басқаруға барлық педагогикалық кадрларды тарту көзделеді.

Инклюзивті мәдениетті дамыту:

  • колледж қоғамдастығын құру,

  • инклюзивті құндылықтарды қабылдау

Колледжде инклюзивті мәдениетті құру ынтымақтастық идеяларын бөлісетін, өзінің барлық қатысушыларының дамуын ынталандыратын қауіпсіз, төзімділік танытатын (толерантты), әр адамның құндылығы барлығына қатысты жетістікке негізделген қоғамдастық құруға ықпал етеді. Мұндай колледж мәдениеті барлық жаңа қызметкерлер, оқушылар, мектеп әкімдігі және ата-аналар қабылдайтын жалпы инклюзивті құндылықтарды қалыптастырады. Инклюзивті мәдениетте бұл принциптер мен құндылықтар бүкіл колледж саясатына қатысты шешімдерге де, әр курстағы оқу тәжірибесіне да әсер етеді. Колледждің дамуы тұрақты және үздіксіз процеске айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет