Ерекше білім беру қажеттіліктері – әрбір білім алушының білім алуында табысқа жету үшін психологиялық-педагогикалық әдістермен жүзеге асырылатын оқу-тәрбие процесіндегі көмек пен қызметке деген қажеттіліктер.
Бұл тұста инклюзияны жекелей емес, бүкіл білім беру жүйесінің принципі ретінде қарастыру қажет.
Инклюзивтілік принципіне негізделген жалпы білім беруді дамыту білім берудегі құндылық бағдарлардың өзгеруін меңзейді. Инклюзивті білім беру құндылықтары келесі ұстанымдарға сүйенеді: білім беру процесінің барлық қатысушылары: 1)мүмкіндіктердің әртүрлілігін кедергілер мен проблемалар ретінде емес, ресурстар ретінде қарастырады Қоғамда толерантты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, оқытушының педагогикалық шеберлігін арттыруға және жоғары сапалы білім алуды қамтамасыз етуге арналған ресурстар. Бір білім алушының қиындықтарын еңсеруге бағытталған жұмыс, әдетте, басқа білім алушыларға да пайдалы болады;
2) оқу-тәрбие процесін оқуда жоғары жетістіктері бар білім алушыларға ғана емес, курстағыбарлық білім алушыларға назар аудара отырып құрады;
3) ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларға тек мамандар емес (логопед, арнайы педагог, психолог, жеке көмекші) білім беру процесінің барлық қатысушылары, соның ішінде пән оқытушысы тарапынан қолдау көрсетеді;
4) білім беру процесінде білім алушыларға көмек көрсету мәселелерін шешуде командалық тәсілді қолданады;
5) білім алушыларға қолдау көрсету және ұйымдастыру барысында оларды «бөлектеуден» бас тартады. Көмек «инклюзивті», «ерекше», «өмірлік қиын жағдайға тап болған» білім алушыға емес, білім алушылар қауымдастығының толық мүшесі ретінде көрсетіледі. «Бөлектеу» кемсітушіліктің көрінісі болып табылады.
Инклюзивті білім беру принциптері Инклюзивтік білім беру – бұл белгілі бір принциптерге негізделген ұйымдастырылған күрделі жүйе.
Инклюзивті педагогиканыңпринциптері – бұл барлық компоненттерінде мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеу процесі есепке алынатын және оны ұйымдастыруға қойылатын бастапқы нормативтік талаптар және жалпы жетекші идеялар. Олар тарихи тәжірибе негізінде туындап, аталған процесті жан-жақты ғылыми зерттеу нәтижесінде қалыптасады.
Инклюзивтік білім беру жүйесін құрудың мазмұны мен ұйымдық формасын негізгі қағидалар негізінде жетілдірген дұрыс:
1. Табиғи сәйкестілік қағидасы білім беру табиғи және әлеуметтік мәдени процестерінің өзара-байланысы деген ғылыми түсінікке негізделуді білдіреді. Тәрбиелеу білім алушылардың жынысы мен жасына сәйкес құрылады және оларда өзін-өзі дамытуға, өзінің тәртібі мен өзінің әрекеттерінің қоғам мен табиғатты бірге алғанда олардың жағдайына тигізетін салдары үшін жауапкершілікті қалыптастырады. Бұл қағида адамды дамытудың жалпы логикасына, баланың мүмкіндігіне қарай оқыту мен тәрбиелеудің білім беру міндеттерінің табиғи сәйкестілігін білдіреді.
2. Қолжетімділік қағидасы әрбір білім алушының білім алудағы қажеттіліктерін қағағаттандыруға арналған жағдай тудыруды білдіреді.
3. Әрекеттілік пен шығармашылық қағидасы білім алушының шығармашылық еркіндікке, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге қажетті жағдайларды тудыруды білдіреді. Бұл қағида әрбір субъект оның қабілетіне және қажеттілігіне жауап беретін әрекет түрін таңдап, өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсете біле алатын тәрбиелеу кеңістігі аясындағы ұйымдастыруды білдіреді.
4. Еркіндік пен таңдау қағидасы оның әрбір қатысушысы өзінің еркін қалауын білдіру (мазмұны, формасы, тәсілі, әрекет түрі), білім алу траекториясын әзірлеу, кеңістіктің вариативтік және көп деңгейлі құрылымы арқылы өзінің дамуының субъектісі болу мүмкіндігі болатынын білдіреді.