Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары және инклюзивті білім беру моделі. Инклюзивті білім беру принциптері


Инклюзивті білі берудің модельдері



бет4/9
Дата07.09.2023
өлшемі78,39 Kb.
#180426
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1.1-ресурс- 1 практикумға үшін

Инклюзивті білі берудің модельдері
Әлемдік тәжірибеде инклюзияның екі негізгі тәсілдемесі бар:
1) инклюзияның медициналық моделі;
2) инклюзияның әлеуметтік моделі.
Медициналық модель мүгедектікті медициналық феномен ретінде анықтайды («науқас адам», «ауыр физикалық зақымдануы бар адам» және т.б.). Бұл модель патерналистік сипаттағы мүгедектермен жұмыс істеу әдістемесін анықтайды (яғни, қоғамның шектеулі-сүйемелдеуші ұстанымда болуы) және емдеуді, еңбек терапиясын, адамның өмір сүруіне көмектесетін арнайы қызметтерді құруды қамтиды.
Әлеуметтік модельге сәйкес, адам өз ауруының салдарын жеңілдетуге тырысуы мүмкін, бірақ өзін шектеулі сезінуі оның ауруымен емес, қоғам тарапынан жасалған түрлі кедергілердің болуымен байланысты. Әлеуметтік модельді ұстанушылар адамдардың мүгедектігіне назар аударудың орнына, олардың денсаулық деңгейіне көбірек назар аударады. Басқаша айтқанда, мүмкіндіктердің шектеулі болуы қоғам ішіндегі әлеуметтік-экономикалық қысым көрсету ретінде түсіндіріледі, сондықтан мұндай адамдарды қысым көруші топ ретінде қарастыруға болады.

1.2-кесте - Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларға қолдау көрсету және бағалау моделі





ЕБҚ бар білім алушыларды бағалау және қолдау көрсетудің
медициналық моделі

ЕБҚ бар білім алушыларды бағалау және қолдау көрсетудің
әлеуметтік-педагогикалық моделі

«Білім алуындағы қиындықтар мен про- блемалар білім алушының бойында қалыптасқан және ол: «мүгедек, қабілетсіз, ауытқушылығы бар» деген ұғымға негізделген. Бағалау – медициналық диагнозға, ал білім беру - түзету тұрғысына бағытталған.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушылар «техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жағдайында барлық оқушылардың алуан түрлі қажеттіліктеріне сәйкес келуге дайын емес қоғамдық білім беру жүйесінің жетілмегендігі» салдарынан оқуда қиындық көріп отыр деген ұғымға негізделген. Бағалау адамның қажеттіліктеріне, ал оқыту білім беруге қолдау көрсетуге және бейімдеуге бағытталған.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарға қатысты қоғамның толеранттылығы жолындағы маңызды қадам мен оның алғышарты ретінде бүкіл әлемдік қоғамдастықта инклюзияның әлеуметтік моделін қабылдау болып табылады. Ол ЕБҚ бар адамдармен қарым-қатынаста, оқытуда және кәсіби дайындықта кедергісіз орта құруға бағытталған.


ЕБҚ бар білім алушыларға сапалы білім алу құқығын қамтамасыз етуді көздейтін әлеуметтік-педагогикалық модельді енгізу білім беру жүйесінің өзінде өзгерістерді қажет етеді. Қазіргі уақытта біздің елімізде инклюзивті білім берудің медициналық моделінен білім беру жүйесінің әртүрлі деңгейлеріндегі әлеуметтік-педагогикалық моделіне көшу процесі жүріп жатыр.
Қазақстанның мемлекеттік білім беру саясаты барлығына сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық деңгейлерде (мектепке дейінгі, мектеп, ТжКБ ұйымдарында, жоғары оқу орындарында) инклюзивті білім беруді дамытудың бағыт-бағдарын белгіледі. Бұл бағытта денсаулық бұзылыстарына, мінез- құлық және эмоционалдық проблемаларға, әлеуметтік, психологиялық, экономикалық, лингвистикалық, мәдени себептерге және т. б. байланысты білім алуда ЕБҚ бар білім алушыларға ерекше назар аударылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет