Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары және инклюзивті білім беру моделі. Инклюзивті білім беру принциптері


Колледж мәдениеті жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгерістердің негізі болып табылады



бет3/9
Дата07.09.2023
өлшемі78,39 Kb.
#180426
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1.1-ресурс- 1 практикумға үшін

Колледж мәдениеті жүргізіліп жатқан реформалар мен өзгерістердің негізі болып табылады. Колледжде қалыптасатын, білім беру мен оқытудың саясаты мен тәжірибесін өзгертетін инклюзивті мәдениетті жаңа қызметкерлер мен колледж білім алушылары белсенді қолдай алады.





ИНКЛЮЗИВТІ МӘДЕНИЕТ инклюзивті білім берудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және әртүрлілікті құрметтеу және айырмашылықтарға төзімділік құндылықтарын қабылдауды қамтиды. Инклюзивтік мәдениетті ерекше білім беру қажеттілігі бар адамдарды әлеуметтендіру факторы ретінде ғана емес, сондай-ақ тұтас алғанда бүкіл қоғамның өзгеру негізі ретінде де қарау керек.
Білім беру ұйымдарындағы әрбір адамның өзіндік ерекшелігін, әртүрлілігін құрметтеу, білім берудің кез келген субъектісіне қолайлы, жағымды колледж қоғамдастығын құру, инклюзивті құндылықтарды қабылдау инклюзивті мәдениетті қалыптастырудың негізін құрайды.
Білім беру ұйымдарында қауіпсіз білім беру ортасын, білім алушылардың оң психо-эмоционалдық көңіл-күйін, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға, колледждегі зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше назар аудару қажет.

Инклюзивті мәдениет білім алушының денсаулығындағы ауытқуына емес, оның қажеттіліктеріне назар аударудан басталады.


Инклюзивті тәжірибені дамыту:

  • оқу процесін басқару,

  • ресурстарды жұмылдыру.

Практика колледж мәдениетін де, инклюзия саясатын да сынып деңгейінде қамтамасыз етуді білдіреді. Оқыту- оқуға барлық білім алушылардың қатысуын көздейді. Сабақ әртүрлілікті түсіну мен құрметтеуге бағытталады. Білім алушылар өз оқулары үшін жауапкершілікті алуға үйренеді, ал оқытушылар білім алушылардың сабақ тақырыбын түсінуіне көмектеседі. Сабақтарда білім алушылар бірге жұмыс істеу арқылы бір-біріне көмектеседі. Колледж қызметкерлері білім алушылардың қиындықтарына түсіністікпен қарайды. Білім алушылар оқу процесінде жетістікке жетеді. Білім берудегі қиындықтар жақсы тәжірибе алу мүмкіндігі ретінде қабылданады. Колледждің барлық оқытушылары колледж қызметін жоспарлауға қатысады.
Осы үш аспект колледжде инклюзияны дамыту үшін өте маңызды. Колледжде жүргізіліп жатқан кез келген реформалар мен өзгерістердің барлығы осы үш бағытқа назар аудару қажет.
Инклюзивті оқыту тәжірибесін таңдаған колледж үшін белгілі бір білім алушыны оқытудағы қиындықтардың нақты себебін анықтау өте маңызды. Бұл колледждегі білім алушылар, оқытушылар мен ата-аналар арасындағы қалыптасқан қарым-қатынаспен, мәдени айырмашылықтармен, оқу жоспарларының, оқыту мазмұны мен әдістері білім алушының қажеттіліктеріне, колледж әкімшілігінің саясатына сәйкес болмауымен, ресурстардың жетіспеушілігіне байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ инклюзивті оқыту тәжірибесінде ресурстық кедергілер бар.
Ресурстық кедергілер-бұл инклюзивті білім беру жағдайында білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін материалдық ресурстар мен қаражаттың жеткіліксіздігі ғана емес. Ресурстық кедергілер қызметкерлер мен колледж әкімшілігінің кәсіби көзқарасы, білімнің жетіспеушілігі және инклюзияға қатысты нақты колледж саясатының болмауының салдарынан туындайды.
Білім беру жолындағы осындай кедергілерді еңсеру колледждің физикалық ортасын өзгерту және қаржыландыруды ұлғайту бағытында ғана емес, сонымен бірге колледждің мәдениетін, саясаты мен тәжірибесін өзгертуді де қамтиды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет