Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары және инклюзивті білім беру моделі. Инклюзивті білім беру принциптері


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы



бет7/9
Дата07.09.2023
өлшемі78,39 Kb.
#180426
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1.1-ресурс- 1 практикумға үшін

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
.........

Қазақстан Республикасының білім беру аясындағы заңнамасында бекітілген:



  • баланың ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктерін есепке ала отырып ата-аналардың білім беру ұйымдарын таңдау және өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесінің көмегін алу құқығы;

  • баланың, оның ішінде ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланың өз тұрғылықты жеріндегі мектепте білім алу құқығы. Қызмет көрсететін ауданда тұратын балаға тиісті білім беру ұйымына қабылдануына тыйым салынбауы қажет;

  • білім алудың жалпыға бірдей білім алу стандартының аясында білім беру ұйымының шешімі бойынша баланың жеке оқу жоспары немесе қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша білім алу құқығы,

  • білім беру ұйымдарында ерекше білім алу қажеттілігі бар тұлғалардың (балалардың) білім алуы үшін арнайы жағдайлар жасау бойынша жергілікті атқарушы билік органдарының жауапкершілігі.

Еліміздегі білім беру ұйымдарының міндеттері ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық білім алушылар үшін білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге жағдай жасау болып табылады (Орта білім беру (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын қараңыз. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына 2-қосымша).









Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет