Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты


ІІІ бөлім. «Өзін-өзі тану» пәнінде қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы ерекше білім алатын балалардың жеке тұлғасын қалыптастыру



бет132/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

ІІІ бөлім. «Өзін-өзі тану» пәнінде қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы ерекше білім алатын балалардың жеке тұлғасын қалыптастыру
Өзін- өзі тану пәнінің мұғалімі
Дәуренбекова Гүлзира
Бағдарламаның мазмұны төмендегідей оқытудың дәс-түрлі және дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: «Тыныштық сәті», «Дәйексөз», «Әңгімелесу», «Әңгіме-леу», «Сергіту сәті», «Дәптермен жұмыс», «Шығармашылық жұмыс», «Қорытындылау».
Сабақтарды ұйымдастырудағы ең маңызды кезеңінің бірі «Тыныштық сәті» болып табылады.
«Тыныштық сәті»-сабақтың бас кезінде қолданылатын әдістемелік тәсіл. Балаларға күн сайын бірнеше минут «тыныштыққа бой алдыра» білу өте маңызды. Бұл әрекетті кез-келген жерде және кез- келген уақытта жасап көруге болады. Балалардың ыңғайлы жағдайда отыруын ескертіп, қадағалап отыру керек. Арқаны тік ұстап еркін отырады. Бүкіл денені босаңсытып, қолды тізеге қояды. Ойды ізгілік күйге бейімдеу дегеніміз- өзіне және жақындарына іштей игі тілек білдіру болып табылады.Толық тыныштықта баланың жүрек соғу ырғағы мен тыныс алуы реттеледі, денесі жеңілденеді.Ол өз ойын жинақтай алу мүмкіндігіне ие болады, өзінің сезімі мен көңіл-күйін жақсы сезінеді.
«Дәйексөз»— балалардың танымдық белсенділігін арттыруға, оқу материалын эмоционалды - бейнелі қабылдауына ықпал ететін өзін-өзі тану сабақтарының міндетті элементі болып табылады. Сабақтың дәйексөзі ретінде мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, афоризмдер алынады. Дәйек сөз ретінде алынып отырған халық мақал-мәтелдері, нақыл сөздер сабақта айтылатын негізгі ойды білдіреді.
«Әңгімелесу» — бұл балалардың тақырып мазмұнын түсінуіне мүмкіндік беретін дидактикалық тәсілдің сұрақтар мен жауаптар түріндегі қарым-қатынас нысаны. Балалар әңгімелесу әдісі арқылы тақырыптың мазмұнын саналы түрде меңгереді.
• Мұғалімді және бір-бірін тыңдауға, тыңдаған шығарманы түсінуге үйренеді.
• Әр бала тақырыпқа байланысты қойылған сұраққа жауап беріп, өз ой-пікірін айтады.
• Мұғалім балалардың ойын, пікірін мадақтап, түрлі жағдайларға баға беруге үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет