«Әңгімелеу»- балалардың көркем әдебиет шығармаларын, өмірдегі жағдаяттар, өсиет-әңгіме, өлеңдерді, күнделікті тұрмыста кездесетін жеке әрекет-қылықтарын тыңдауда жетекші рөл атқаратын маңызды әдістердің бір түрі.
• Бала шығарма арқылы адам бойында болуға тиіс құнды қасиеттермен танысып, негізгі ойды түсінуге үйренеді.
• Бала адамгершілік жөнінде жаңа ережелер мен ұғымдарды түсініп, бойына сіңіреді.
• Шығармадағы кейіпкерлер бойындағы түрлі қасиеттер туралы түсінік алып, олардың жақсы немесе жаман екенін талдауға үйренеді.
Мұндай әдеп әңгімелерін тұрақты жүргізу балаға қоршаған ортадағы болмысты тани түсуге қызығушылық тудырып, өз тарапынан ұсынысын, ойын байқатуға жетелейді.
Шығарма, әңгімелерді кідіріспен, сахналау элементтері арқылы мазмұндап айту түрлерін қолдануғада болады.
«Сергіту сәті» — шаршағанды ұмыттыруға, жалығуды болдырмауға, денеге түскен күшті төмендетуге қажетті өзін-өзі тану сабақтарының компоненті.Бұл жұмыс олардың белсенділігін арттыру үшін қолданылады.Сергіту жаттығулары бір әрекеттен басқа әрекетке ауысуға бағытталған қысқа ойындар түрінде жүргізіледі. Осы тәсілді қолдану топта жақсы көңіл-күй тудырады, ұқыптылықты, ұжымға топтасуға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |