Дым түсінбедім.
Түсіндім, бірақ...
Бәрін түсіндім.
Аквариум
Сандық сәуле
Таратпалар
«Баспалдаққа шығу»
Критерийлер арқылы мұғалімнің бағалауы
|
Сараланған тапсырмалар
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Қабілеті жоғары оқушылар белгісізі бар теңдіктегі белгісіз компонентті атайды,теңдеуді шешу жолындағы ережелермен пысықтайды. Қабілеті төмен оқушылар сандық сәуленің көмегімен белгісіз санды тауып жазады.
|
Топтық жұмыс жұлдызшамен бағаланады. Жұлдызша жинау арқылы оқушылардың белсенділігі артады. Көбірек ұпай жинауға тырысады. «Баспалдақ» әдісі арқылы оқушылар өзін-өзі бағалап үйренеді, бағалауда оқушылардың ынтасы артады.
|
Қарындашты, қаламды дұрыс пайдалануды, ауызға салмауды ескертіп отырамын.
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
Осы сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізудің тиімді тұстары көп деп ойлаймын. Әр жұмыстан соң кері байланыс және бағалау жүргізіледі.Оқушы өз жұмысының нәтижесінен хабардар болып отырады. Сондай-ақ жұмысы бағаланған сайын оқуға деген ынтасы да артады. Топтық, жұптық жұмыс кезінде бала сыныптасымен диалог орнатады, қатесін түзетуге мүмкіндік алады. Оқушылар көшбасшы болуға ұмтылады.
|
|