Негізгі сөздер мен тіркестер:
дыбыс, дауысты және дауыссыз дыбыс,
|
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Сөз нелерден тұрады?
|
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
|
Й дыбысы кездесетін сөздерді айта аласың ба?
|
Тыңдалым мен оқылым бойынша ұсыныстар:
|
Тілдік дағдылар сабақ барысында жүргізіледі.
|
Алдыңғы оқу
|
И әрпі жайлы біледі
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басы
|
|
Психологиялық дайындық.
Сәлемдесу.
Оқушылар бүгінгі сабаққа бір-біріне сәттілік
тілейді.
Күлші, күлші досым,
Күлші, күлші досым.
Бүгінгі күн міне
Шаттыққа толсын.
Төрт пен бестік бағалар
Күнделікке толсын.
1.Топқа бөлу.
Й дыбысы бар сурет арқылы топқа бөлу.
Қой, ай, үй суреттері арқылы үш топқа бөлінеді.
2.Өткен дыбысты қайталау.
И дыбысы мен әріпі.
Ол қандай дыбыс?
Қандай текшемен белгіленеді?
|
Шаттық шеңбер орындайды.
Дауысты
Қызыл
|
|
|
Жаңа сабақ
Оқушылар сендер таңдаған суреттердің соңында қандай дыбыс кездесіп тұр?
Бүгінгі өтетін дыбысымыз Й й дыбысымен танысамыз.
Й дыбысы дауыссыз дыбыс.
Дыбыстар нешеге бөлінетін еді?
2-ге дауысты,дауыссыз.
Суреттерде қандай дыбыс кездесіп тұр?
Йогурт,ай,айна,үй,қайық.
Й й дыбысының баспа және жазба түрлерін көрсетіп таныстырамын.Й дыбысы дауыссыз дыбыс екенін оқушылар анықтайды.
Сөз басында, сөз ортасында,сөз соңында келетіндігін айтып,көрсету.
Й й дыбысы біз өткен қандай дыбысқа ұқсайды?
И дауысты дыбысына ұқсайды.
Бұл екі дыбыстың айырмашылығы
Й дыбыс қысқа Й дауыссыз.И дауысты. Яғни дауысты дыбыс созылып,кедергіге ұшырамай шығады,дауыссыз ауыз қуысынан кедергіге ұшырап шығады. Й дыбысының басында ай тәрізді белгісі бар.
Дыбыс артикуляциясымен айтқызамын.
Кітаппен жұмыс.
Тыңдалым. аудио таспадан тыңдап,сұрақтарға жауап береді.Жауап алады.
Үйшікте ит бар ма?
Теңізде кит бар ма?
Сайда ай бар ма?
Аспанда тай бар ма?
Қайықта жан бар ма?
Қалада мал бар ма?
Қой мөңірей ме?
Сиыр маңырай ма?
Топтық жұмыс.
Дыбыстық талдау жасайды.
Й- дауыссыз
О-дауысты
Г-дауыссыз
У-дауысты
Р-дауыссыз
Т-дауыссыз.
Дыбыстарды текшелер арқылы анықтайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |