Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты



бет134/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

«Дәптермен жұмыс». Дәптердегі тапсырмаларды орындаудағы негізгі мақсат -балалардың жағдаяттарға сәйкес ойлау қабілеттерін қалыптастыру, өз іс-әрекетінің нәтижесін білуге баулу.Дәптердегі тапсырмаларды орындаудың ретін түсіндіру және орындалу барысына бағыт беру, оны балаға қарапайым түрде түсіндіру.
«Шығармашылық жұмыс»-өзін-өзі тану сабағының маңызды бөлігі. Сурет салу, макет, коллаж жасау әртүрлі нысанда өз бетінше және ұжымдық әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Шығармашылық тапсырмаларды орындаудағы әсіресе ерекше балалар үшін қызығушылығын туғызу, бір-бірімен қарым-қатынас жасай білуге үйрету, ойлау қабілеттерін қалыптастыру, өз іс-әрекетінің нәтижесін білуге баулудың маңызы зор.
«Қорытындылау»-сабақтың соңында жасалған қорытындыда тақырыпқа байланысты негізгі ой жүйеленеді.
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі өзінің педагогикалық қабілетін танытуға мүмкіндік туғызады.Әрбір сабақты дайындап, өткізу саралауды, шығармашылық ізденісті талап етеді. «Өзін-өзі тану» пәнінің жүргізілуі барысында өзіндік өзгермейтін, міндетті бірнеше негізгі мәселелер бар.Олар:
-әр балаға жеке дара тұлға ретінде жеке басына сыйластықпен, түсіністікпен қарау;
-балаларға өз іс-әрекетін жоспарлау және дамыту орталықтарын ұйымдастыру арқылы таңдаулары мен дамуын іске асыруға көмектесу;
-баланың өмірлік дағдысын түгел қамту және олардың өмірді қабылдаудағы жас ерекшелігі ескеріледі.
Сондықтан мұғалім сабақты өткізу барысында:
-балаларға үйретуші емес, тек бағыт беруші болғаны дұрыс,
-балаға жеке тұлға ретінде қарай отырып, оның жеке даму ерекшелігін басты назарда ұстау;
-жеке тұлғаның бірін-бірі түсінуі, мұғалімімен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғыза алуы керек.[30]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет