Тәрбиелік мақсаты: Балаларды алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Көрнекілігі: Смайликтер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Бүгін мен сендерге «үйшік» ертегісін айтып беремін. Ендеше, мұқият тыңдаңдар. Бұл ертегі ерекше ертегі тақтада үйшіктің көрінісі және үшбұрыш пайда болады.
Орманда бір үйшік болыпты. Сол үйшікке қарай үшбұрыш жақындап келеді. Оның үйшікке қатты кіргісі келеді. Бірақ есікте құлып тұр екен.
Үшбұрыш: Ей, құлып, жылдам үйшікке кіргім кеп тұр.
Үйшік: Сен менің шатырыма ұқсайсын.Сен кімсің?
Үшбұрыш: Мен үшбұрышпын, үш бұрышым және үш қабырғам бар.
Үйшік: Сен балалармен бірге тапсырманы орындасаң кіргіземін.
І-тапсырма: Дидиктикалық ойын «Тұтас құрастыр»
Нұсқау:Мына суретте фигуралардың бөліктері берілген.Осылардың екі бөлігін біріктірсе тұтас фигуралар шығады.Қай геометриялық фигуралардан тұтас фигура құрастыруға болатынын табындар.
Шарты: Белсенді түрде геометриялық фигуралар құрастыру.
Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып сонда тұра бастайды..
Бір уақытта біреу есікті қағады.
Үшбұрыш: Бұл кім?
Психолог: балалар, бұл қандай пішін?
Дөңгелек: мен дөңгелекпін, менің бұрыштарым жоқ.Мен допқа ұқсаймын.
Дөңгелек: үйге кіруге бола ма?
Үшбұрыш: балалармен бір тапсырма орындасаң кіргіземін.
2-тапсырма: « Пішіндерді ата»
Суретте неше үшбұрыш,шаршы,дөңгелек,тік
төртбұрыш және т.б бар екенін анықта және фигураларды ата.
Психолог: Үшбұрыш шартты орындағаннан кейін дөңгелекті кіргізіп алады. Үшбұрыш пен дөңгелек бірге тұрып жатты. Үйшіктің маңында жаңа қонақ пайда болды.
Балалар, бұл қандай пішін? Шаршы.
Шаршы: Мен шаршымын, төрт бұрышым бар.
Мен терезеге ұқсаймын.
Сендермен бірге тұруға бола ма?
Үшбұрыш: балалармен бірге біздің тапсырманы орында, сонда есікті ашамыз.
3-тапсырма: «Қажетті түспен боя».
Мақсаты: түстерді тани білуге үйрету.
Үшбұрыштарды қызыл, шаршыларды жасыл ,дөнгелектерді сары,тіктөртбұрыштарды көк түспен бояу тапсырмасы беріледі.
Тәрбиеші: үшбұрыш шарт орындалғаннан кейін шаршыны кіргізіп алады. Сөйтіп тапсырманы орындап үйшікте үшбұрыш, дөңгелек, шаршы тату-тәті өмір сүріпті.
Сергіту сәті
Ал, балалар тұрайық,
Үшбұрыш біз құрайық
Шеңбер болып айналып
Көңілді біз болайық
Бекіту: Геометриялық пішіндерден үйшік,жүк көлігін,бағдаршам құрастыру ұсынылады.
Қорытынды: Не білдік? Не үйрендік? Ертегі ұнады ма?
Оқушыларды мадақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |