Ертегі терапиясы
Инклюзивті сыныптың
педагог-психологі Имашева С
Мақсаты: Танымдық аясын кеңейту, әртүрлі мінез-құлықтарды ажырата білуге үйрету.
Ертегі арқылы оқушылардың ой-қиялын дамыту, тілін, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру. Ертегі кейіпкерлерінің сипаты арқылы жақсы қасиеттерге баулу.
Көрнекілігі: ертегі көріністерінің суреттері, ертегінің электронды нұсқасы, слайд.
Сабақтың барысы
Релаксация.
(Орманның дауысы баяу шығып тұрады)
Қане, бәріміз көзімізді жұмып, орманға саяхат жасайық. Айналамызда жап-жасыл ағаштар, жайқалған әдемі гүлдер.Әдемі көбелектер ұшып жүр. Сайраған әдемі құстардың және аңдардың дауыстары естіледі. Едй, балалар, көздеріңіді жайлап ашыңдар. Орманға саяхат ұнады ма? Қандай әсер алдыңдар? Орманда қандай аңдар өмір сүреді?
Негізгі бөлім.
Олай болса ормандағы аңдар туралы ертегілерді тыңдайық.
«Түлкі, тасбақа және кене» ертегісі.
Балалар бұл ертегіні біз электронды оқулықтан тыңдаймыз.
Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?
Ертегіде қандай кейіпкерлер болды?
Ертегіде қандай жағымды кейіпкерлер бар?
Ертегідегі жағымсыз кейіпкерді кім атап береді?
Түлкі қандай іс-әрекетімен жағымсыз кейіпкер атанды?
Келесі «Арыстан мен түлкі» ертегісі. Балалар, бұл ертегіні өзіміз оқып, ертегіге қойылым қойып көрейік.
Арыстан мен түлкі
Арыстан қартайды. Аңдарды бұрынғысындай аулай алмайтын болды. Енді аңдарды айламен аулағысы келді. Өзі үңгірінде жатты да:
- Аурумын, жүруге әлім жоқ, - деп барлық аңдарға хабар таратты.
Аңдар бір-бірлеп арыстанның халін білуге келеді.
Бірінші арыстанға қасқыр келеді.
(Қасқыр Бексұлтан)
- Халіңіз қалай, тақсыр? Ауырып қалды деп естідім.
(Арыстан)
- Халім нашар. Үңгірге кірсей әңгімелесейік.
Келесі арыстаннаың халін білуге қоян келеді.
(Қоян Диана)
- А-а-а-ареке жағдайыңыз қалай? Тез жазылып кетіңіз, мен сізге сәбіз әкелдім.
(Арыстан)
- Жағдайым нашар, аурумын. Жақсы, сәбізіңді әкелеғой.
Арыстанның халін білуге балын алып қонжық келеді.
(Қонжық Әділет)
- Денсаулығыңыз қалай?
(Арыстан)
- Денсаулығым нашар.
(Қонжық)
- Атам сізге бал беріп жіберді. Ауруыңызды тез жазады.
(Арыстан)
-Жақсы, үңгіріме кіреғой.
Келесі арыстанның жағдайын білуге кірпі келеді.
(Кірпі Мұхаммед)
- Халіңіз қалай, тақсыр?
(Арыстан)
- Халім нашар.
(Кірпі)
- Мен сізге құлпынай әкелдім. Денсаулыққа пайдасы зор, тәуір болып кетіңіз.
(Арыстан)
- Рақмет,рақмет. Кел үңгіріме кіре ғой.
Келесі ағаштан ағашқа секіріп қолындажаңғағы бар тиін келеді.
(Тиін Нұртөре)
-Сізді ауырып қалды деп естіп, халіңізді сұрауға келдім.
(Арыстан)
-Халім нашар. Маған не алып келдің?
(Тиін)
- Жаңғақ әкелдім.
(Арыстан)
-Кел, бірге жаңғақ шағайық.
Арыстан аңдардың біреуін де қайтармайды. Бәрі де арыстанға жем болды. Бір күні түлкі келді. Ол үңгірден алысырақ тұрды да:
(түлкі)
- Халіңіз қалай тақсыр?
(Арыстан)
- Халім нашар. Неге жақынырақ келмейсің? Берірек кел, түлкіжан, бір азырақ сөйлесейік.
(Түлкі)
- Мен саған жақын барар едім-ау, бірақ саған кірген із бар да, шыққан із жоқ!- деп түлкі құйрығын бұлғаң еткізіп қаша жөнеледі.
Ертегі ұнады ма? Арыстан қандай кейіпкер? Түлкі қандай кейіпкер? Олай болса қойылым қоюды бастайық.
Сергіту сәті
«Ертегілер әлемі» әніне би билеу
Қорытынды рефлексия
Бірінші және екінші ертегіде түлкі қандай кейіпкер болды? Қандай айырмашылықтар болды? Сабақ ұнады ма?
Достарыңызбен бөлісу: |