Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты



бет79/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Табиғатты қорғау керектігін біледі. Шөптесін өсімдіктердің түстерін ажырата алады. Тұқымның не екенін сезінеді.
Қандай түсінікті игерді: Қоршаған ортаны қорғауға өз үлесін қосу, тұқымды топыраққа егу әдісі арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиеленеді, сипап сезінуді үйренеді. Сөйлеу дағдылары қалыптасады. Табиғатқа аясына деген қызығушылығы арттырылады.
Үйге тапсырма: Гүлдер туралы өлең жаттау тапсырылады


Жануарлар әлеміне саяхат
Дайындаған: дефектолог маманы
Оржанова Рысбике Толеуовна

Сабақтың мақсаты:


Аңдардың дауысын тыңдату арқылы әр аңның дауысын ажырата білуге үйрету, суреттер арқылы сөйлем құруға, ауызекі сөйлеп, өз ойын айта білуге үйрету. Логикалық ойын арқылы сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру, саусақ моторикасын дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекі құралдар: жабдықтар, үлестірме қағаздар, құрастырма суреттер, смайликтер , табиғат пен жан- жануарлар суреті
Сабақтың барысы:
Балалар жаңа сіздер ертегіден жан- жануарларды көрдіңіздер, ал енді ертегіні одан әрі жалғастырып, жан- жануарлар туралы білімдеріңді кеңейту үшін бірнеше тапсырмалар орындайық. Мен сіздермен «Ойлан тап» ойынын ойнағым келіп тұр, сіздер ойнауға дайынсыздар ма?
Жұмбақтар
Айбат берген жалым бар,
Қайрат берген тәнім бар.
Күркіреймін ақырсам,
Қайсы аңмын табыңдар. (Арыстан)

Үстім жолақ


Тісім орақ
Күшім мол-ақ,
Барып тұрған қайсармын,
Өзің айтшы қайсы аңмын. (Жолбарыс)

Өзі ширақ, өзі қу,


Жүрген жері айқай- шу. (Түлкі)

Жеміс- жидек жегенім


Балды жақсы көремін (Аю)

Санай алмай шаршадым


Найзасы бар қанша мың
Батыр емес бірақ та
Қашып жүрер жыраққа (Кірпі)

Шаршасаңдар балалар,


Қолдарыңды созыңдар
Бір, екі, үш, төрт, бес
Саусақтармен ойнаңдар
Денелерің шынықсың
Саналарын тынықсың

Кім жылдам


Қоян
Қыста үйілген бұталардың ағаштың қуыстарында қыстайды.
Құрғақ шөптер мен ағаш қабығымен қоректенеді.
Қоянның баласын көжек деп атайды.

Қасқыр
Өзінің азығын жүгіріп жүріп аулайды.


Қасқыр құстар мен дала жануарларымен қоректенеді.
Апанда тұрады.
Баласын бөлтірік деп атайды.

Арыстан
Арыстан-мысық тұқымдасына жатады. Мысық тұқымдасына жататын жануарлардың ішінде тек арыстан ғана топтасып тіршілік етеді. Арыстандар баласы бір жасқа толмай аң аулауға қатыспайды. Арыстанның баласын абдан дейді. Қорегін түнде аулайды.

Жолбарыс
Мысықтар тұқымдасына жататын ірі жыртқыш аң. Көбінесе, қоныс ауыстырып, жеке жүреді. Жабайы шошқа, бұғы, марал, елік т.б. тұяқты жануарларды ұстап жейді. Кейде малға, қасқырға, итке де шабады. Жолбарыс 2-3 күшік туады. Оларды 5-6 ай емізеді. 40-50 жылдай тіршілік етеді.

Түлкі
Мынау түлкі, оның мұрны иісті жақсы сезеді. Ол қардың астынан тышқандарды аулап жейді, құстармен және олардың жұмыртқасымен де қоректенеді. Түлкі інінде тұрады. Баласын жәудір деп атаймыз.

Кірпі
Кірпі-үсті басының бәрі тікен, ол қоңыздарды құрттарды, тышқандарды жейді. Ол азығын қысқа дайындап алып, қыс бойы ұйықтайды. Кірпі де аю сияқты қыс бойы ұйықтайды екен. Оның үйін ін деп атайды. Баласын кірпі дейді.

Аю
Аю-жыртқыш аң. Суда өте жақсы жүзеді, сүңгейді, табаны жүнді болғандықтан мұз үстінде таймайды. Итбалықпен қоректенеді. Аю қыста ұйықтап, көктемде оянады. Аюдың баласын қонжық деп атаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет