Сабақ жоспары № 17
Күні 27.10.2014. Пән математика Тобы КИП-14-9
Оқытушының Т.Ә.А. Джамбекова Амина Кенегуловна
І. Сабақтың тақырыбы: Көрсеткіштік функция және оның қасиеттері.
Сабақтың түрі және типі жаңа сабақты меңгеру
1. Мақсаты Көрсеткіштік функцияның қасиеттері мен графиктерін қолдана отырып, есептер шығару
бойынша білім, білік, дағдыларды қалыптастыру.
2. Міндеттері
а) Білімдіқ оқушылардың «Көрсеткіштік функция» тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу және,
математикалық есептеулерде, практикалық іс- әрекеттерде қолдана білу;
ә) тәрбиелік Есеп шешімін іздеу арқылы қиыншылықты жеңуге, ұйымшылдыққа, дербестікке, дәлдікке
тәрбиелеу.
б) дамтыушылық оқушылардың ойлау қабілеттерін, логикалық ойлау қабілеттерін, білік дағдыларын
дамыта отырып, интеллектуалдылығы мен ой ұшқырлығын қалыптастыру;
ақпараттық мәдениеттілігі мен мәдениттілік қатынасын (культуру общения) тәрбиелеу.
ІІ. Күтілетін нәтиже.
а) Көрсеткіштік функцияның анықтамасы мен қасиеттерін оқушылар түсінуі тиіс
ә) Көрсеткіштік функцияның өспелі немесе кемімелі екенін қалай анықтауға болатынын, неге барлық
көрсеткіштік функциялардың графиктері (0;1) нүктесі
арқылы өтетінін оқушылардың құндылық бағдары болуы
б) Көрсеткіштік функцияның графигін салуды, функцияның мәндер жиынын табуды, сандарды салыстыруды,
көрсеткіштік өрнектерді ықшамдауды оқушылар жасай біледі
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. Білім өзектілігі:
Үй тапсырмасын тексеру.(оқушылардың дәптерін жинап алу арқылы)
Сұрақ –жауап арқылы оқушылардың білімдерін тексеру.( танымдық құзіреттілігін қалыптастыру)
- Функция дегеніміз не?
- Функцияның анықталу облысы дегеніміз не?
- Функцияның мәндер жиыны дегеніміз не?
- Функцияның берілу тәсілдері.
- Жұп және тақ функциялар дегенімізді қалай түсінесіңдер?
- Жұп және тақ функциялардың өзіне тән ерекшеліктерін ата.
Суреттердің біреуінде жұп функцияның графигі кескінделген. Сол суреттің номерін көрсетіңдер.
Суреттердің біреуінде тақ функцияның графигі кескінделген. Сол суреттің номерін көрсетіңдер.
- Функцияның графиктерін қарапайым түрлендіру түрлерін атаңдар.
Ауызша: Өрнектің мәнін тап:
1) 2) 3) 4) 5)
Сәйкестендіру тест.
Функциялардың түрлерін атап, олардың графиктерін кескіндеңдер:
Достарыңызбен бөлісу: |