Инструкция по выполнению заданий и приведены образцы выполнениии заданий по естественнонаучной, математической грамотности и грамотности чтения. Сборник задач содержит более 130 заданий



бет40/70
Дата25.01.2022
өлшемі7,99 Mb.
#129777
түріИнструкция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70
Байланысты:
Пиза тапсырма жинағы NAO

2-мәтін.
1. Кең қанаттары (созған кезде 2 метрге дейін жетеді) мен қысқа құйрығы (30-35 см) ұшқан кезде «ұшып бара жатқан қанатқа» ұқсайды. Ұябасарының денесі шәулісіне қарағанда ірілеу болады. Латынша «алтын қыран» деген аты күштілік пен айбындылықтың белгісі ретінде 200 жыл бұрын берілген. Бүркіттің салмағы 3 кг-нан 6 кг-ға дейін. Үлкен құстары қара-күрең түсті, төменгі жақтары ақшылдау болады. Ұясын ағаштарға, құзжартастардың басына, ал далалы жерде – жерге салады. Өте жақсы ұшырады, жерде жақсы жүреді, жүгіре алады. Жемтігін ұстаған кезде, жартылай ашылған қанатымен ұстайды. Ұсақ және орташа сүтқоректілерді және құстарды ұстайды.

2. Қазақстанда ормансыз және шөл далалардан басқа барлық жерлерде кездеседі, бірақ сирек. Қыста көбіне оңтүстікке ұшып кетеді.Саны азайып бара жатқан, сирек кездесетін құс. Қазақстанда кең таралған, бірақ біркелкі емес, кездейсоқ. Жалаңаш және құз-жартасты тауларды, қыраттарды, қарағайлы және басқа да тоғайларды, өзендердің жайылмасын, сексеуілді шөлдерді мекендейді.

3. Қазақстандағы жалпы саны белгісіз, шамасы бірнеше жүз болуы керек. Санының азаюының негізгі себептері: заңсыз аулау, қолда өсіру үшін ұядан балапандарын алу, ересек құстардың электр сымдарында, қақпан моңыңдағы уланған жемдерді жеп өлуі және қақпанға түсуі. Бүркітті қорғауды кеңінен насихаттап, заңды түрде қорғау тәртібін белгілеп, аңшы құс ретінде қолда бағу жағдайын жасау керек.

4. Бүркіт – қырандар ішіндегі ең ірі әрі күшті, дене бітімі мығым, жылдам ұшатын құс. Саусақтары салалы, ірі әрі бедерлі (мүйіз қабыршақты). Қауырсындары бір түсті қара қоңыр. Желкесі мен мойнының сырты сарғыш-жирен түсті. Жас бүркіттің құйрығы ақ, оның ұшында жалпақ қара жолағы, қанатының астында ірі ақ қауырсындары болады. Бүркіттің қанатының шеткі қауырсындарын шалғысы деп, ал құйрығының ортасындағы екі қабат әлді қауырсынын көбесі, қалғандарын жебесі деп атайды. Ұябасарының бір қанатының ұзындығы (топшысынан шалғысының ұшына дейінгі аралығы) 65 – 74 см, шәулісінікі – 59 – 66 см. Ұябасарының салмағы 3,8 – 6,3 кг, шәулісінікі 2,8 – 4,1 кг. Бүркіттің құйрық қанатының ұзындығы 33 – 36 см. Тұмсығының үстіңгі жағы төмен қарай иіліп келген, ұшы үшкір болады

5. Табиғи жағдайда бүркіт жүз жылдай тіршілік етеді. Қазақ құсбегілері бүркітті жасына қарай ажыратып, атай білген. Мысалы: бір жастағысын – балапан, екідегісін – қантүбіт, үштегісін – тірнек, төрттегісін – тас түлек, бестегісін – мұзбалақ, алтыдағысын – көк түбіт, жетідегісін – қана, сегіздегісін – жаңа, тоғыздағысын – майтүбіт, ондағысын – барқын, он бірдегісін – баршын, ал он екі жастағысын – шөгел деп атаған.

6. Халық ұғымында бүркіт – текті әрі киелі құс. Мысалы, балалардың бас киіміне, бесікке бүркіттің бармағын тағып қойған.

7. Қыран бүркіт мықтылықтың, қайсарлықтың, еркіндіктің белгісі. Қазақстан Республикасының Туындағы бүркіт бейнесі азаттық айбыны ретінде бейнеленген.

Дереккөзі:

kk.wikipedia.org/wiki/

Тапсырмалар:

1-сұрақ.

Бүркіттің азаю себептері неде?

Жауабыңызды бір сөйлеммен жазыңыз.

2-сұрақ.

Бүркіттің дене бітімі қандай?

Жауабыңызды 1-2 сөйлеммен жазыңыз.

3-сұрақ.


ІІ азбац не туралы?

A. Бүркіттің азаю себептері.

B. Бүркіттің дене бітімі.

C. Бүркіттің мекендейтін орны.

D. Бүркіттің мінез-құлқы.
Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар:
1-тапсырма

1. Мәтінді зейін қойып оқып шығыңыз.

2. Мәтіннен «негізгі себептері» деген кілт сөзін табыңыз.

3. Мәтіннің тақырыбына зейін аударыңыз.

4. Мәтінге сүйеніп,бір сөйлеммен жауап беріңіз.
2-тапсырма

1. Мәтінді көз жүгіртіп қарап шығыңыз.

2. Мәтіннен«денесі» немесе«кең қанаттары» кілт сөздерін табыңыз.

3. Машинадан басқа қандай көліктерді қолдануға болатыны туралы айтылған кеңесті табыңыз.

4. Мәтіндегі «алтын қыран» деген аты күштілік пен айбындылықтың белгісі деген сөйлемге мән беру.

5. Жауабыңызды бір, екі сөйлеммен өз сөзіңізбен жазыңыз


3-тапсырма

1. Тапсырманы мұқият оқыңыз.

2. Мәтіннен ІІІ абзацты тауып, тағы бір рет оқып шығыңыз.

3. Дұрыс жауапты тауып белгілеңіз.


4-тапсырма

1. Мәтіннен асты сызылған сөзді тауып алыңыз.

2. Сол сөздің синонимдерін еске түсіріңіз.

3. Алмастырып қолдануға болатын сөзді белгілеңіз.


5-тапсырма

1. Мәтіннен асты сызылған сөзді тауып алыңыз.

2. Сол сөздің беретін мағынасын ойланыңыз.

3. Алмастырып қолдануға болмайтын сөзді белгілеңіз.


Бағалау кестесі

Ең жоғары балл-3

1. Жауапта, кем дегенде, келесілердің біреуі ескерілген:

- табиғатты қорғауға (өз)үлесін қосу 1

2. Қоршаған ортаны қорғау мүмкіндігі 1

3. Дұрыс жауапта айтылатын мағына:

Жауапта сөзді дұрыс тауып қолдануы ескеріледі:1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет