26
қабылдау үшін жағдай жасау, балаларға ойлануға, зерттеуге, салыстыруға және
осы әрекеттерді бағдарлауға мүмкіндік беру ұсынылады.
Педагогтер үнемі өзін-өзі бағалау процесінде инновацияшыл және жауапты
бола алады, сонымен қатар белгіленген құжаттаманы уақтылы және ұқыпты
жүргізеді (
1,2,3
қосымшалар)
. Балаларды тәрбиелеу
және оқыту процесінде
мектепке дейінгі ұйымның әрбір қызметкерінің рөлі маңызды, сондықтан
ұйымның әр қызметкері қажетті біліктілік деңгейіне ие болуы тиіс.
Педагогтер мен басқа да қызметкерлер жұмысының негізгі қағидалары:
- оқытудың кіріктірілген тәсілі;
- баланы толыққанды дамыту;
- ойын арқылы оқытуға баланы тарту;
- балаларға өз білімін құрастырушы ретінде қарым-қатынас жасау;
- маңызды өзара әрекет арқылы шынайы оқыту;
- инклюзивті білім беру кеңістігін құру;
- баланың жеке басын құрметтеу;
- баланы дамыту мақсатында күтім жасау.
Педагогтің құзыреттілігі:
- баланы дамыту мен оқытуды терең түсіну;
- баланың көзқарасын түсіну және қабылдай білуі;
- баланы мақтай білу, тыныштандыру, сұрақтар қоя білу және балаларды
жақсы көру;
- көшбасшылық дағдылары;
- туындаған мәселелерді шешуге қабілеттілігі;
- сөздік қордың байлығы және балалардың ой-пікірін айту мүмкіндігі;
- өз тәжірибесіне үнемі рефлексия жасай білу және оны жетілдіру;
- эмоционалды интеллекттің жоғары деңгейі.
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығымен
бекітілген, 2021 жылғы 25 мамырдағы № 232
бұйрығымен өзгерістер мен
толықтырулар енгізілген жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық
және халықаралық олимпиадалар мен
ғылыми жобалар конкурстарының
(ғылыми жарыстардың),
орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік
конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесіне енген «
Достарыңызбен бөлісу: