ИнТ пайдаланып өткізілетін ашық сабақтың сценариийі н 2-1-102-2021



бет4/9
Дата20.12.2021
өлшемі258,14 Kb.
#104059
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Диалогтік оқыту. Ашық сабақ 30.10.20 Word
Диалогтік оқыту. Ашық сабақ 30.10.20 Word, 1 апта. 1 семинар - копия
Жауаптар:
1. Диалог –екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма. Диалогтік әңгіме – белгілі бір тақырыпқа бағытталған диалог жүргізуге негізделген вербалды- коммуникативтік әдіс. Диалог барысында идеялар екі бағытта жүріп,оқушының қарқынды білім алуына септігін тигізеді. Диалог барысында оқушылар (сондай-ақ олардың мұғалімдері) тең құқылы серіктестер болып табылады. Олар бар күштерін келісілген нәтиже алуға жұмсайды және Мерсер (2000) айтқандай, бірлескен білім алу немесе «пікір алмасу» үдерісіне тартылады.

2. Диалогтік оқыту - мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді.

3. Әңгіме - оқушылардың ой әрекетін жандандыру мақсатында қолданылатын оқыту тәсілдерінің бірі; әңгімелесу үдерісінде оқушылар мұғалім қойған және құрдастарында пайда болған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа білім алады, бар білімдерін қайталап, бекітеді.

4. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда оқытудың тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Сондықтан сұрақ қою кезінде мұғалім оқушының жаттанды жауап бермей, ойланып, өз ойын қоса отырып, жауап беретіндей етіп қойғаны дұрыс.



5. Студенттердің тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер сұрақтың екі түрін: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтарды кеңінен қолданады. Балалардың білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және басқаға бағыттау сияқты әр түрлі тәсілдерін пайдалануға болады. Құрастырған суреттері бойынша топ мүшелері өз ойларын айтады. Студенттер өз ойын түрлі-түсті стикерге жазады. Әр топ өз жазбаларын оқиды. Сұрақтарға мүмкіндігінше жауап береді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет