Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Мәтінмен жұмыс:
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
-Мәтінді оқиды.
-Топ ішінде талқылайды.
-Топтар арасында пікір алмасады.
|
Оқулық, т.б.
|
|
«Постер қорғау» әдісі:
1-топ: Ғылыми есеп.
2-топ: Баяндама:
3-топ: Мақала.
4-топ: Реферат.
|
Оқушылар топтасып өздеріне берілген тақырыпшалар бойынша топ ішінде талқылау жүргізеді. Сонымен қатар плакатка өз ойларын түсіріп топтар алдында постер қорғайды. Бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді.
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл
-Топ ішінде талқылайды.
-Топтар арасында пікір алмасады.
-Постер қорғайды.
-Сұрақтар қойып, жауап береді.
|
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
|
Тапсырма:
«Минералды су бқлақтары» тақырыбында зерттеу жүргізіп, жұмыс нәтижелерін қабырғалық баяндама түрінде рәсімдеңдер.
|
Ттапсырманы А4 форматындағы қабырғалық баяндамада зерттеу нәтижелерінің реті әдістемелік нұсқаулықта берілгендей орындайды.
|
|