Қысқамерзімді жоспар Сабақтың тақырыбы: «Нейрондардың түрлері мен қызметтері. Жүйке ұлпасының қызметі (глиальды жасушалар). Аксондардың миеленді және миеленсіз қабықтары. Синапстар және медиаторлар. Модельдеу «Жүйке ұлпаларының құрылысы».
Бөлім:
9.2C Координация және реттелу, биофизика
Педагогтің аты-жөні:
Қанай Жансая
Күні:
30.11.2021 ж
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Нейрондардың түрлері мен қызметтері. Жүйке ұлпасының қызметі (глиальды жасушалар). Аксондардың миеленді және миеленсіз қабықтары. Синапстар және медиаторлар. Модельдеу «Жүйке ұлпаларының құрылысы
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
9.1.7.1 - жүйке жасушасының құрылысы мен қызметі арасындағы өзара байланысты орнату
9.1.7.2 - жүйке ұлпалары мен оның құрылымдық бөліктерінің қызметтерін талдау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін:
Нейрондардың қызметі мен түрлері туралы түсінік қалыптасады.
Көпшілік оқушылар үшін:
Жүйке ұлпасының қызметі туралы біледі.
Кейбір оқушылар үшін:
Синапс пен медиатор туралы түсінік қалыптасады.. Модельдеу. Жүйке ұлпасын зерттеуді меңгереді.