Туа пайдаболған диафрагмалық грыжа- нәрестедетуылған сәтте немесе бірнеше сағаттан соң тыныс алудың бұзылыстары мен цианоз байқалады. Бұндай ақаумен туыдған балаларда жедел тыныс жеткіліксіздігі тез дамиды. Қараған кезде цианоз, бұлтиюмен көрінетін кеуде қуысының ассиметриясы және зақымданған жерде экскурсияның болмауы. Ең елеулі симптом – ішке кіріңкі ладья тәрізді іш. Перкуторлы сәйкес кеуде аймағында тимпанит анықталады (кеуде қуысына ішектердің және асқазанның эвентрациясында немесе кеуде қуысының оң жағында бауыр орналасса тұйықталу анықталады). Аускультацияда – тыныстың әлсіреуі немесе мүлдем болмауы анықталады. Жүрек дыбыстары (сол жақты жарықта) сол жақта төстің оң жағынан естіледі, оң жақты жарықта – алдыңғы қолтықасты сызығы бойымен естіледі, ол жүректің сау жаққа ығысқандығын көрсетеді. Кейде кеуде қуысы арқылы ығысқан ішектер перисталтикасын және шуды естуге болады.
Емі: 12 елі ішек шұғыл хирургиялық көмекті қажет етпейді. Жедел емдеу ауруды отаға тыңғылықты дайындағаннан кейін ғана мүмкін болады – эксикозды жою, гипербилирубинді төмендету, гомеостазисті қалпына келтіру.