Исанова Мөлдір 4015 топ 1-жағдайлы есеп Туа біткен ішек өтімсіздігі


Дифференциалды диагноз Пилоростеноз-



бет2/10
Дата19.12.2021
өлшемі488,02 Kb.
#103637
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Исанова Мөлдір БХ 2 тапсырма
Документ (1)
Дифференциалды диагноз Пилоростеноз-аурудың алғашқы симптомдары баланың алғашқы өмірінің 2-ші аптасының аяғы мен 3-ші аптасының басында көрінеді. Негізгі клиникалық белгілер: Фонтан тәрізді құсық (құрамында өт қосындысы жоқ); Эпигастрий аймағындағы асқазан перистальтикасы «құм сағат» тәрізді; Балаланың салмағы төмендейді; Үлкен дәретке шығуы қиындайды, іш қату; Зәр шығару төмендейді. Құсу негізгі симптом. Аз ғана емгеннен кейін немесе қандай да бір сұйықтық беренгеннен кейін фонтан тәрізді құсады, құсық өт қосындысыз. Асқазан сөлінің секрециясынан құсық массасы көбірек болады. Яғни ішкен сұйықтықтың мөлшерінен де көп. Құсқаннан соң бала тынышталады. Асқазанның шолу рентгенограммасында ауа анықталады, бариймен сынама жасағанда – барийдің асқазаннан шығуының ақырындауы, асқазан қалтқысы каналының жіп тәріздес тарылуы және ұзаруы көрінеді.



Пилороспазм- аурудың симптомы туғаннан басталады, яғни бала туғаннан бастап құсады. Құсықтың мөлшері аз болады және құсу кезінде шыққан сүт көлемі емізілген сүттен аз болады. Баланың нәжісі қатайған, зәр шығаруы азайған. Асқазан перистальтикасы сирек. Салмақта өзгеріс болмайды. Рентгенограммада ішекке газды бөлу, әдетте біркелкі, «екі күлдір бөртпе» симптомы жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет