Асқазан-өңеш рефлюксі - негізгі симптомдары – қыжыл, кекіру, лоқсу, эпигастралды аймақтың және төс артының ауырсынуы. Алайда, бұл симптомдар ересектер мен үлкен балаларға тән екендігі ескерілуі тиіс. Нәрестелер мен мектепке дейінгі жастағы балаларда лоқсу және құсу, дене салмағын жоғалту, физикалық дамуының кемдігі және өңештен тыс бұзылыстар (пневмония, бронхит, бронх демікпесі, ларингит және т.б.) басым болады. Жаралы эзофагит әсерінен дамыған тыртықты үрдіс өңеш тарылуына әкеліп, оның өткізгіштігінің бұзады. Ол өз кезегінде дисфагия, өңеш құрамымен құсу, дене салмағын тез жоғалту және физикалық дамуының артта қалуымен көрінеді. Аталып кеткен симптомдардың болуы балада ГЭР барына күдіктенуге себеп болады және диагнозды дәлелдеу мақсатында қосымша әдістерді қолдануды талап етеді.
Өңеш тарылуы-өңеш өткізгіштігінің бұзылысы дисфагия мен дене салмағын жоғалтумен көрініс табады. Өңештің толық түйілуінде бала сілекейін де жұтына алмайды, бұл кезде арықтау тез пайда болады.
Емі: тек оталы. Ота алды дайындыққа трахеобронхиалды ағашты тазалау, аспирациялы пневмонияны емдеу жатады. Осы мақсатта санациялық бронхоскопия, УЖЖ-терапия, антибактериалды ем, инфузиялы ем қолданылады. Ауыз арқылы тамақтандыру толық алынып тасталады. Баланы асқазанға орнатынған зонд арқылы тамақтандырады. Жыланкөзді бөліп алу, байлау және кесу отасы оң жақты мойын арқылы ену әдісімен жасайды. Жыланкөздің төменгі кеуделік бөлікте орналасуында, отаны торакоскопиялық әдіспен жасайды.