Рентгенологиялық зерттеуде:
А Б В
А–құрсақ қуысының шолу рентгенограммасы. Алдымыен асқазанға барий ерітіндісін жібергеннен кейін асқазанның көлеміне, мұндағы аш қарындағы сұйықтық деңгейіне, ішек ілмектерінің газбен толуының төмендеуіне қараймыз. Снимоктан каскадты асқазанда көп мөлшерде сұйықтықтың көрінуі, құрсақ қуысының газбен толуы кенет төмендеген;
Б –рентгеноконтрасты зерттеу. Бала контрастты зат өабылдағаннан 40 мин кейінгі алдыңғы проекциядағы Б сурет. Контрасты зат созылған асқазанды толтырған, эвакуация жоқ;
В –бүйір проекцияда тұмсық симптомы анықталады. Барлық рентгенограмманы баланың вертикалды қалпында жүргізеді.
- Фиброэзофагогастроскопия. Бұл кезде асқазанның антральды бөлімінің кеңеюі және пилорикалық каналдың тарылуы, пилороспазмнан айырмашылығы ауамен үрген кезде ашылмайды. Бұдан басқа фиброскопия өңешті қарауға және көбінесе пиоростенобен бірге жүретін рефлюкс-эзофагиттің деңгейін анықтауға көмектеседі.
Емі:
Пилоростеноз кезінде оталы ем тағайындаймыз. Ота жасамас бұрын, міндетті түрде жақсылап дайындық қажет.Гиповолемияның, алкалоз бен гипокалиемияның корекциясынан бастаймыз. Фреде-Рамштедту бойынша шырыш сыртылық пилоромиотомия жасалады.
Отадан 3-6 сағаттан кейін баланы әрбір 3 сағ сайын 5-10 мл сүтпен тамақтандыру қажет. Келесі күндері сүт көлемін 100 мл жоғарылатып отырамыз (бір тамақтандыруда 10 мл). Алтыншы тәуліктен бастап, тамақтандыру көлемін үш сағат интервалында 60-70 мл дейін жоғарылатады. Содан кейін баланы қалыпты тамақтандыруға ауыстырамыз. Отадан кейінгі алғашқы күндері сұйықтық, электролиттер, ақуыз және басқа да ингредиенттер тапшылығын инфузионды терапия және қосымша парентеральды тамақтаныдыру арқылы орнын толтыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |