Қысқаша лекциялар жинағы


Термодинамикалық функциялар



бет3/25
Дата31.12.2021
өлшемі349 Kb.
#107394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Қысқаша лекциялар жинағы
Қысқаша лекциялар жинағы
Термодинамикалық функциялар. Системаның физикалық және химиялық қасиеттерінің жиынтығы оның күйін анықтайды, олар термодинамикалық функциялар арқылы сипатталады. Оларға T, P, V, W, S т.б жатады. Системаның күйін сипаттайтын осындай шамалар күй параметрлері деп аталады.

  1. Системаны сипаттайтын термодинамикалық функция онда микробөлшектердің массасы мен санына тәуелді болса оны экстенсивті немесе сиымдылық факторы деп атайды. Оған (V, W, S) жатады.

  2. Егер Термодинамикалық параметрлер системадағы микробөлшектердің саны мен массасына тәуелді болмаса онда оларды Интенсивті параметрлер немесе потенциалды факторлар деп атайды. Оларға (Р, Т ds/dt) жатады.

Энергия – жүйенің жұмыс істей алу қабілетін білдіреді.

Қарапайым түрде энергияны Интенсивті және экстенсивті факторлардың көбейтіндісі немесе потенциалды факторлары мен сиымдылық факторларының көбейтіндісі ретінде қарастыруға болады.

Мысалы: Механикалық энергия PV – көбейтіндісімен сипатталады.

Жылулық энергия – TS, химиялық μ · m (μ – химиялық потенциал, m - масса)

Электрлік – JU (J – ток күші, U - кернеу).

Термодинамикалық тепе – теңдік күйі деп – системаның жұмыс істей алу қабілеті нөлге тең күйді айтады, бұл күйден сырттан қосымша энергия беру арқылы шығуға болады. Сонымен системаның тепе – тең күйі деп системаның барлық параметрлері, сыртқы жағдайлар өзгермей қалған кезде тұрақты болып қалатын белгілі мәндерін сақтайтын күйін айтамыз.

Кез келген процесс, яғни системаның бір күйден - екінші күйге өтуі, системаның тепе – тең күйден шығуымен байланысты болады.

Тепе – тең күйлердің үздіксіз тізбегінен құрылған процесс тепе – тең процесс деп аталады. Тепе – тең күй және тепе – тең процесс ұғымы термодинамикада үлкен роль атқарады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет