&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ні мұндай қылықтар лас (билікке, нәпсі тоятына, байлыққа және т.б.)



Pdf көрінісі
бет233/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

ні мұндай қылықтар лас (билікке, нәпсі тоятына, байлыққа және т.б.)
құмарлықты оятады. Қүмарлық оты әбден сөнген кезде толық қана-
ғаттанғандық пен рақатқа белену, нирвана (бұл сөздің тура мағына-
сы - («оттың өшуі») ахуалы жайлайды. Нирванаға жеткендер азаптан
біржола арылады. Жағымсыз сезім мен ауру зардабы оларға әлі де
қауіп төндіреді, бірақ бұл тәжірибе оларды енді бақытсыздыққа үрын-
дырмайды. Ештеңе тілемейтіндер ешқандай күйзеліске түспейді.
Буддалық дәстүрге сай Гаутаманың өзі нирванаға жетіп, азап-бей-
неттен толықтай арылды. Сол сәттен бастап оның «Будда», «Жарқын
жан» ретінде даңқы шықты. Өмірінің қалған бөлігін Будда шәкірттеріне
өз жаңалығын түсіндіріп, барша адамды азаптан құтқаруға талпыну-
мен өткізді. Өз ілімінің мәнін ол бір ғана заңға бағындырды: азаптан
біржола арылу үшін тілек тілеуді мүлде доғару керек, өмірдің шынды-
ғын сол қалпында қабылдағанда ғана тілек-қалаудан толық қүтылуға
болады.
Бұл заңды («дхарма заңын») буддистер ғаламның әмбебап қа-
ғидасы санайды. Заманауи физикадағы әрқашан, әрі барлық жерде
дұрыс Е=тсг теңдеуі сияқты «тілек-қалаулардан азап туындайты-
ны» туралы тұжырым әрдайым және барлық жерде дұрыс саналады,
Буддашылар - осы заңды жақтаушылар, ол бүкіл ережелер мен іс-
әрекеттердің түйініне баланады. Олар құдайларға аса мән бермейді.
Монотеизмнің бірінші заңы: «Құдай бар. Ол менен нені талап етеді?»
дегенге саяды. Буддизмнің бастапқы заңы басқаша: «Азап бар. Одан
қалай арылуға болады?».
Буддизм құдайлардың бар екенін теріске шығармайды: жаңбыр
жаудыратын, әлде жеңіс сыйлайтын құдіреті жоғары болмыс бар, бі-
рақ олар табиғат заңына еш әсерін тигізе алмайды. Бақыт пен азап -
табиғаттың бұлжымас заңының жемісі, ол құдайларға мүлде тәуелсіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   229   230   231   232   233   234   235   236   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет