ҮШ ІНШ І БӨЛІМ
Марксті, Фридрих Энгельс пен Владимир Ильич Ленинді мойындап,
ардақтұтты. Үқсастықтар осымен біте салмайды. Басқа діндер сияқты
коммунизмнің де өзіндік қасиетті һәм пайғамбарлық жазбасы бар: ол -
тарих ағымы пролетариаттың бет қаратпас жеңісімен аяқталатынын
болжаған
Маркстің
«Капиталы».
Коммунистердің де ерекше мереке-
лері - Бірінші мамыр мен Қазан революциясының бірнеше жылдығын
атап өтуі салтқа енді. Өзіндік уағызшылары - марксшіл философтары
бар: Кеңес армиясы қатарында солдаттар мен офицерлердің рухын
көтеруге жауапты капеллан-комиссарлар қызмет етті. Коммунизмнің
өз азапкері,
өзінің қасиетті соғыстары, өз мүртидтері - мысалы, троц
кизм болды. Кеңестік коммунизм дегеніміз - бірбеткей миссионерлік
дін еді. Коммунизм христиандық та, буддалық та сенімдермен санас-
пады, шынайы коммунист өз өмірін қиса да,
Ленин мен Маркстің інжі-
лін таратуға ықпал етуге тиіс болды.
Дін дегеніміз - адамнан жоғары тұрған тәртіпке сенуге негізделген адами
нормалар мен құндылықтардың жүйесі. Салыстырмалылық теориясы - қандай
жағдайда да өзінен ешқандай құндылықтар мен нормалар туындата алмайтын-
дықтан, әзірше дін емес. Жұрт табынатын футбол да дін емес: өйткені оның тәр-
тіптері жоғарыдан түсті деп ешкім айта алмайды ғой. Ал
ислам, буддизм мен
коммунизм - діндер, себебі бүлар адамнан жоғары тұрған тәртіпке сенуге негіз-
делген адами нормалар мен құндылықтарды білдіреді («адамнан жоғары» және
«табиғаттан жоғары тұрған» деген үғымдардың айырмашылығы барын атап өте-
міз. Будданың табиғат заңы мен маркстік экономика
заңы - адамнан жоғары тұр,
өйткені оларды адамдар нүсқаған жоқ. Әйтсе де олар «жаратылыстан жоғары»
тұрған емес).
Достарыңызбен бөлісу: