&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


ТӨ Р ТІН Ш І БӨЛІМ



Pdf көрінісі
бет374/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

299


ТӨ Р ТІН Ш І БӨЛІМ
Тұтынушылық тағам көлемінің өсуін жақсы деп бағалайды. Ол адам-
дарды өзін-өзі емдеуге, өзін-өзі жақсы өмірге еліктіруге, тіпті мол өнім
тұтынып өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгенін байқамайды. Үнемшілдік ем-
деуді қажет ететін ауруға жатады. Мысалды алыстан іздеудің керегі жоқ.
Тұтынушылық этикасын байқағыңыз келсе, өзіңіз сатып алған мақтаның
корабына үңіліңіз. Міне, Израильдің «Теіта» фирмасы шығаратын менің
сүйікті асым - сұлы жармасының қорабына былай жазылған:
«Кейде өзіңді еркелету де керек. Кейде қосымша күш-қуат керек. Өз салма-
ғыңды қадағалайтын да кез болады, сізге тамақтану да қажет... дәл қазір! «Теіта»
арнайы сіз үшін - дәмді жармалар жиынтығын ұсынады».
Тап осы қорапта жарманың басқа түрі - «Пайдалы астың» («Health
Treats») жарнамасы жүр:
«Пайдалы ас» дегеніміз - талғам татымын, ләззат пен денсаулық туралы ой-
ниетті ұштастыратын дақылдардың, жемістердің, жаңғақтардың қоспасы. Нагыз
салтанат, шынайы дәм (қоспасыз ас)» дейді.
Бүрынғы ғасырларда жазба тұтынушыны тартпас еді. Адамдар
оны өзімшілдікке, әдептілікікке жатпайтын нәрсеге балауы мүмкін.
Тұтынушылыққа бірталай жұмыс істеуге тура келді, өз нәпсісіне ерік
беру - дұрыс, ал үнемшілдік - жеке басқа қиянат екеніне адамдарды
сендіру үшін танымдық психологияны көмекке шақырды.
Тұтынушылық жеңіп шықты. Сәтті жеңіс! Бәріміз - тамаша тұтыну-
шылармыз. Өзіміз қажет етпеген, бар-жоғын күні кешеге дейін білме-
ген нәрселерді көп сатып аламыз. Өндірушілер әдейі ұзаққа шыдамай-
тын тауарлар шығарып, қажет болмаса да, ескісінің өзі жарап тұрса да,
жаңа модельдерін ойлап табады. Ал соны «қатардан қалып қоймау»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет