&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


триллион долларды құрады, бірақ монета мен банкноттың мүндағы



Pdf көрінісі
бет188/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

триллион долларды құрады, бірақ монета мен банкноттың мүндағы
үлесі 47 триллион долларға жетпеді7. Барлық ақшаның 90%-ы - 400
триллион доллардан астамы - тек компьютерлік серверлерде ғана
159


ҮШ ІН Ш І Б Ө Л ІМ
түрды. Қомақты мөлшерде қаржы төлеу барысында ешкім банкнот-
тарды немесе монеталарды пайдаланбайды. Тек қылмыстық топтың
мүшесі шабадан толы ақшамен үй сатып алады. Адамдар тауарлары
мен қызмет түрлерін электрондық деректерге айырбасқа беругө ке-
ліскендіктен, бұл тіпті жылтыраған монеталар мен шытырлаған банк-
ноттардан қолайлы көрінеді - мұндай ақша ешқандай орын алмайды,
оларды сақтау мен қадағалап отыру оңай.
Күрделі коммерциялық жүйе алуан түрлі ақшасыз жұмыс істей ал­
майды. Барлық тауар мен көрсетілетін қызметтердің салыстырмалы
қүны ақшамен тез анықталады. Ақшалы экономикада етікшіге тек аяқ-
киімнің әр түрінің қүнын ғана білу керек, кебіс пен алманың немесе
кебіс пен ешкінің арасындағы бағаның арақатынасына бас қатырудың
қажеті шамалы. Бағбан да етікшілер арасынан алманы жақсы көретін-
дерін іздеп жүру машақатынан құтылады, - ақшаны бәрі жек көрмей-
ді ғой. Ақшаның мәні осында: оны журттың бәрі және әрқашан алуға
бейілді, өйткені оны бәрі және әрқашан ала береді, яғни кез келген
сәтте ақшаны кез келген қажет нәрсеге айырбастауға болады. Етікші
кебістің төлемі ретінде ақшаны қуана-қуана алады, өйткені осы ақшаға
ол өзіне қажетті нәрсенің: мейлі, алма ма, ешкі ме, әлде әйелінен ажы-
расу ісі ме, бәрібір, бәрін сатып алады.
Ақша - адамға қарауындағының бәрін қалауындағыдай етіп өз-
гертуге мүмкіндік беретін әмбебап айырбас құралы. Бүлшық етті миға
айырбастауға болады: әскери қызметтен босаған солдат армиялық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет