жалақысын университеттегі оқуға төлейді. Меншікті адалдыққа айыр-
бастауға болады: барондар вассалдарына ақы төлеу үшін иеліктегі
жерлөрін сатады. Денсаулықты сотқа айырбастауға болады: дәрігер өз
ақшасына адвокат жалдайды немесе сот төрешісіне пара береді. Тіпті
жыныстық қатынастың өзін жан сақтау амалына айналдыруға болады:
мәселен, XV ғасырда жезөкше кезекті бір клиенттің астына жатып шы-
ғып, тапқан ақшасына католик шіркеуінен индульгенция сатып алды.
Ақшаның ең жақсы жағы айырбасжасап қана қоймай, адамдардың
өз байлығын сенімді сақтауына мүмкіндік береді. Көптеген құнды
нәрселерді босалқы қорда ұстап қалу мүмкін емес, уақыт та, сулулық
та сақталмайды. Басқа заттар, мысалы, қүлпынай өте ұзақ сақталады.
Тіпті ұзақ сақталатын заттардың өзі әдетте көп орын алып, ерекше
қамқорлықты қажет етеді. Айталық, дәнді жылдар бойы сақтауға
болады, бірақ ол үшін қамба керек, оған қоса, оны атжалмандардан,
зеңнен, сыздан, өрт пен ұры-қарыдан қорғаштауға тура келеді. Ақша
болса, мейлі, қағаз түрінде, компьютердегі әлде каури бақалшығы
түрінде ме, бәрібір - бүл мәселені шешіп береді. Бақалшықтар
зеңденбөйді,
атжалмандарды
қызықтырмайды,
отқа жанбайды,
оларды кез келген жәшікке салуға болады.
Әйтсе де байлықты сақтау үшін оны орнынан жылжыту, ілгерілету
көрек. Жер төлімі сияқты кейбір байлық түрлерін орнынан жылжыту
160
А Д А М З А ТТ Ы Б ІР ІК Т ІР У
if
I
өстө мүмкін емес, сондықтан да олар «жылжымайтын мүлік» аталады.
Ал бидай әлде күріш түріндегі байлықты орнынан жылжытуға болады,
алайда көп мөлшердегісін қозғау, әрине, қиындау. Ақшаны білмейтін
Достарыңызбен бөлісу: |