&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


Ғ Ы Л Ы М И РЕВОЛЮ ЦИЯ



Pdf көрінісі
бет314/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

260


Ғ Ы Л Ы М И РЕВОЛЮ ЦИЯ
қатар, тамиль, бенгал және үнді мәдениетін оқып-үйрену үшін үш жыл- 
ға Калькуттадағы колледжге түсті. Лингвистиканы оқу жергілікті тіл- 
дердің құрылымы мен грамматикасын түсіну үшін баға жетпес таяныш 
болды.
Уильям Джонс пен Генри Роулисон сияқты адамдардың арқасында 
еуропалық басқыншылар өз империяларының құрылысын жетеғабыл 
түсіне алды. Бұрынғы басқыншылардың кез келгеніне тіпті жергілікті 
түрғындардың өздеріне қарағанда, олар қол астындағы халықтардың 
тарихы мен мәдениетін жетік білді. Мұндай білім оларға ісжүзінде ай- 
тарлықтай басымдық берді. Мүндай мәліметтерсіз ат төбеліндей аз 
ғана ағылшын жүз миллиондаған үнділерді бағындырып, екі жүз жыл 
бойы басып-жаншып, қанай алмас еді. XIX ғасыр мен XX ғасыр ба- 
сында бес мыңға жуық британ шенеунігі, 40-70 мыңдай солдат пен 
жүз мыңға тарта бизнесмен, қызметшілер, әйелдер мен бала-шаға 
300 миллион үндіні бағынышта ұстады9.
Іс жүзіндегі артықшылықтар - империяның лингвистиканы, бота- 
никаны, география мен тарихты зерттеу ісін қаржыландыруды қолға 
алуына бірден-бір себеп емес. Ғылымның идеологиялық тұрғыдан 
ақталуға қызмет ететіні де маңызды болды. Жаңа заманда еуропа- 
лықтар жаңа білім алудың игілік екеніне көз жеткізді. Империя жаңа 
білімдердің арналарын үздіксіз қамтамасыз еткендіктен, жағымды әрі 
прогрессивті көрінді. Қазіргі кезде де география, археология мен бо­
таника сияқты ғылымдар жанама түрде болса да, империяларға қа- 
рыздар екенін мойындауға мәжбүр. Ботаниктер Австралия абориген- 
дерінің шеккен азабы мен көрген қиянаты жөнінде еске ала бермейді, 
есесіне Джеймс Кук пен Джозеф Бэнкс атына жылы сөздерін эрдайым 
үйіп-төгеді.
Империялардың жаңа білімдері, сөз жүзінде болса да жаулап 
алған халықтарды ізгілендіріп, оларға прогрестің сәулесін түсіруге, 
денсаулық сақтау мен білім беру ісін қалыптастырып, арықтар мен те- 
міржол салуға, әділеттілік пен өркендеу ғүрпын дарытуға жол ашты. 
Империалистер өздерінің ақпа судай жайылып бара жатқан мемлекет- 
тері - қанап-қорлаудың қүралы емес, Киплингтің сөзімен айтқанда, «ақ 
адамдардың ауыртпалығы» екеніне сендіріп бақты:
А у ы р т п а л ы қ а р қ а л а ға н а қ т а р бұл, -
О з ы п т у ғ а н у л д а р ы ң д ы м а қ т а н қы л.
Ж у м с а о н ы а у ы р т ір л ік , ж у м ы с қ а ,
А л т ы қ ы р д ы ң а р ж а г ы н а а т т а н д ы р .
Қ ы з м е т к е - х а л ы қ т а р ға багы нган,
Т а й п а л а р ға қ а б а г ы т а р е ж а б ы л ға н .
А т т а н д ы р с е н с ә б и ж у р т қ а а ң қ и ға н -
С а й т а н д а р г а , б а л к и , ж ы н ы қ а ғы н ға н .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет